20.12.2017, 22:23 4211

Астананыӊ фармацевтикалық кластерін дамытуға ынталандыру кепілдік берілген мемлекеттік тапсырыс болады

Бірыӊғай дистрибьютор негізінде өткізілген ашық конкурстыӊ қорытындысы бойынша "СҚ-Фармация" Астанада дайын дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша өндірістік кешен құрылысыныӊ жобасын жүзеге асыратын "Астана ферма биосинтезі" және Астана қаласында дәрілік заттарды өндіру бойынша зауыт салу бойынша жобаны іске асыратын "Eira Med" компанияларымен ұзақ мерзімді келісімдер 2017 жылдыӊ 2 тамызында жасалды.

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Астана ферма биосинтезис" және "Eira Med" компаниялары жобаларды іске асырғаннан кейін және өндірісті іске қосқаннан кейін біртұтас тарату жүйесі арқылы фармацевтикалық өнімдерге кепілдік берілген мемлекеттік тапсырысолардыӊ инвестициялық тартымдылығын арттырудыӊ маӊызды факторы болып табылады және Астана қаласыныӊ фармацевтикалық кластерін дамытуға ықпал ететін болады.

Бірыӊғай дистрибьютор негізінде өткізілген ашық конкурстыӊ қорытындысы бойынша "СҚ-Фармация" Астанада дайын дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша өндірістік кешен құрылысыныӊ жобасын жүзеге асыратын "Астана ферма биосинтезі" және Астана қаласында дәрілік заттарды өндіру бойынша зауыт салу бойынша жобаны іске асыратын "Eira Med" компанияларымен ұзақ мерзімді келісімдер 2017 жылдыӊ 2 тамызында жасалды.

Конкурстыӊ жеӊімпаздары СҚ-Фармациямен он жылдық шарт жасасып, өндірісті сәтті бастағаннан кейін10 жыл мерзімге өзініӊ өнімдерін кепілдендірілген өткізу нарықпен қамтамасыз етті.

"Астана Ферма Биосинтезі" компаниясымен жасалған шарт талаптарына сәйкес дайын дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық заттарды өндіру 2019 жылдыӊ екінші жартысынан кешіктірмей іске қосылуы тиіс.Шарт шеӊберінде өндіруші гепатит, эпилепсия, онкология, қан айналымы жүйесініӊ аурулары, психикалық аурулар және т.б. емдеуге арналған препараттарды өндіруді бастауды жоспарлап отыр. Шарт бойынша 105 дәрі-дәрмектіӊ атауы өндірісі жоспарланған.Өндірісті іске қосқаннан кейін "СК-Фармация" компанияға 10 жыл бойы дайын өнімніӊ мемлекеттік сатып алуларына кепілдік береді,егер бұл препараттар бір дистрибьютордан сатып алынатын дәрілер тізіміне енгізілсе.

"Eira Med" компаниясы 2021 жылы дәрілік заттарды өндіруді бастауды жоспарлап отыр, және өндірісті сәтті бастағаннан кейіншартта көрсетілген 86 атаулы медициналық мақсаттағы бұйымдары үшін бірыӊғай дистрибьютордан он жылдық мемлекеттік тапсырыс алады.

Мемлекеттіӊ мұндай теӊдессіз кепілдіктері жаӊа өндірістерге олардыӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін фармацевтикалық өнімдерді шығаратын жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті ресурстарды тартуға көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны