09.08.2012, 15:21 6906

Астананың Индустриалды паркінде жоғары технологиялы 40 зауыт салынуда

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының Индустриалды паркі аумағында жоғары технологиялы 40 зауыт салынуда, деп хабарлайды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы Икімшілік басқармасының бастығы Медер Маселов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Астананың Индустриалды паркінде жоғары технологиялы 40 зауыт салынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының Индустриалды паркі аумағында жоғары технологиялы 40 зауыт салынуда, деп хабарлайды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы Икімшілік басқармасының бастығы Медер Маселов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"АЭА Индустриалды паркі аумағында жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар қызу жүргізілуде. Атап айтқанда, 40 астам зауыт салынуда, олардың 7 іске қосылды, 5 жыл соңына дейін беріледі. Бұлар - машина жасау, аспап жасау және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы жоғары технологиялық өнім өндірілетін барынша ірі инвестициялық жобалар", - деп хабарлайды басқарма бастығы.

Сондай-ақ, ол ІІІ Халықаралық инвестициялық "Astana Invest 2012" форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы 7 меморандум мен 1 инвестициялық ұсынысты жүзеге асыру жолында инвесторлармен бірлескен жұмыстардың да белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

М.Маселовтың айтуынша, 2012 жылдың І жартыжылдығында Астананың негізгі капиталына құйылған инвестиция 244 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы өсім 31% жеткен.

АЭА әкімшілігі басқармасы бастығы хабарлағандай, инвестиция тарту жөніндегі жұмыста өз қызметін "бір терезе" принципімен жүргізетін Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жоғары белсенділік танытуда.

Қала экономикасының инвестициясына шетелдік немесе отандық инвесторларды тартудан басқа, ИҚО негізгі мақсаты инвесторлар үшін жайлы инвестициялық ахуал туғызу болып табылады.

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы Икімшілігі басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Астанада шетелдік инвесторлар мен мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен қаржыландыруға арналған жобаларды қарастыратын қалалық инвестициялық клуб ашу көзделген.

Инвесторлармен жұмыс нақтылық сипатында болып, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы сияқты басым салалар бойынша жүргізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны