16.01.2008, 19:02 2916

Астананың маңайында 2008 - 2010 жылдары көтерме сауда базары салынады - Азық-түлік келісімшарт корпорациясы

Астананың маңайында 2008 - 2010 жылдары көтерме сауда базары салынады - Азық-түлік келісімшарт корпорациясы

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астананың маңайында 2008 - 2010 жылдары көтерме сауда базары салынады. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Руслан Изімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жеміс-көкөніс кластерін дамыту мақсатында Астананың маңайында 2008 - 2010 жылдары көтерме сауда базары, ал облыстарда төрт өңірлік терминал салынады ", - деді Р.Изімов.

"Біз биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында 500 гектарға жуық жерді жеміс-көкөніс дақылдарын егу мақсатында игеруіміз, әріқарай оны 10 мың гектарға жеткізуіміз керек ", - деді ол.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ президентінің айтуынша, "жоба бойынша қазіргі заманғы агротехнологияларды, соның ішінде тамшылар суару тәсілін пайдалану жоспарлануда". "Біздің пікірімізше, бұл жобаның келешегі бар, және ол қаржыландырылған жағдайда азық-түлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға және инфляцияны ауыздықтауға жағдай жасалады", - дей келі Р.Изімов, осы орайда "батыс елдерінің тәжірибесіне сай мұндай инфрақұрылымды құру азық-түлік нарығындағы инфляцияны ұстап тұруға мүмкіндік береді", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны