12.12.2011, 10:29 3929

Астананың өңірлік технопаркі 24 инновациялық жобаны қолдады

ҮИИД бағдарламасының аясында кәсіпкерлерді, ғылымды, инноваторларды қолдаудың қуатты тетігі қарастырылған, деп мәлім етті Астана қаласының Өңірлік технопаркінің директоры Мұрат Ақшалов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астананың өңірлік технопаркі 24 инновациялық жобаны қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҮИИД бағдарламасының аясында кәсіпкерлерді, ғылымды, инноваторларды қолдаудың қуатты тетігі қарастырылған, деп мәлім етті Астана қаласының Өңірлік технопаркінің директоры Мұрат Ақшалов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Қазіргі таңда ҮИИД бағдарламасының аясында технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету бағдарламасының жұмыс істей бастағанына екі жыл болды. Өткен жылы Астана технопаркі инноваторлар мен ғалымдардың ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, химиялық өнеркәсіп саласындағы 10 жобасын қолдаса, 2011 жылы - осындай 14 жобаны қолдады", - деді М.Ақшалов.

"Бұл жобалар экономикаға үлкен пайда әкеліп, жоғары технологиялық бизнес құрады. Біздің технопарктің міндеті идеяларды бизнесте коммерциялау, зияткерлік меншікті қолдау, инноваторларға арналған алаң болып табылады. Оларға мемлекет есебінен қайтарымсыз көмек көрсетіледі", - деді М.Ақшалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны