24.02.2016, 13:02 4786

Астананыӊ жеке кірісі 200 млрд теӊгені құрады

Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланыӊ 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланыӊ 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсарта отырып, 2015 жылы Астана әлеуметтік-экономикалық даму деӊгейі бойынша өӊірлер арасында көш бастады. 2015 жылы жалпы өӊірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Оныӊ республикалық көлемдегі үлесі - 10% немесе 4,5 трлн. теӊгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге артық - 5,2 млн. теӊге, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бүгінде Астананыӊ өзіндік кірістері 200 млрд.теӊгені құрайды. Өткен жылдан бері Астана төрт республикалық бюджет донорыныӊ біріне айналды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 850 млрд. теӊгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11% артық. Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердіӊ үштен бір бөлігіне жуығы біздіӊ қаламызға тиесілі.

Көп жағдайда сәтті индустриалды-инновациялық даму оӊ көрсеткіштерге септігін тигізді. Өткен жылы инвестициялар көлемі 773 млрд. теӊгені құрады. Бұл алдыӊғы жылдыӊ көрсеткіштеріне қарағанда 15% артық. 2015 жылы Индустриалды паркте 28 жаӊа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, №1 Индустриалды парк аумағында инвестициялар көлемі 187,5 млрд. теӊгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындар бюджетке төлеген салықтардыӊ есебінен парк инфрақұрылымыныӊ құрылысына жұмсалған қаржы толығымен ақталды.

Қала әкімдігі қызметініӊ басты бағыттарыныӊ бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестіӊ Астананыӊ жалпы өӊірлік өніміндегі үлесі 61% құрады. Бұл еліміздіӊ өӊірлерініӊ ішіндегі еӊ үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерініӊ бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасыныӊ жұмысы зор. Қазіргі кезде өӊірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігініӊ арасындағы бірлескен жұмыстыӊ барлық салалардағы ықпалдастықтыӊ тиімді форматы қалыптасқан болатын.

2016 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерініӊ саны 99,2 мыӊға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін "БЖК-2020" Бизнесті қолдау және дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теӊгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соныӊ ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теӊгеніӊ 67 жобасы мақұлданды. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.

Астана жалпыға ортақ еӊбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыӊнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деӊгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны - 2315 .

Елорданыӊ тыныс-тіршілігініӊ барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында "ақылды қала" пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланыӊ тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі - ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ қауіпсіздік деӊгейін арттыру, құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елорданыӊ тұтастай экономикалық дамуына серпін бермек, көрмеге дайындық толық қарқынмен жүргізілі жатыр. "ЭКСПО қала үшін еӊ маӊызды емтихан болып табылады, сондай-ақ, елорданыӊ тыныс-тіршілігініӊ барлық салаларына қосымша серпін бермек" - деп атап өтті қала әкімі.

Есеп беру кездесуініӊ негізгі бөлігінен кейін И. Жақсыбеков азаматтарды жеке өзі қабылдай бастады. Бұл күні Конгресс-Холлда қала тұрғындары елорда әкіміне және оныӊ орынбасарларына өз сауалдарын жолдай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны