11.09.2007, 18:40 3396

Астық бағасының өсуі барысында биоэтанол өндіру аса маңызды емес - "Vita" АҚ басшысы

Астық бағасының өсуі барысында биоэтанол өндіру аса маңызды емес.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АЛМАТЫ. Астық бағасының өсуі барысында биоэтанол өндіру аса маңызды емес. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында "Vita" АҚ бас директоры Петр Потапов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Биоэтанол аса маңызды емес. Астық қымбаттағаннан бері бензинді пайдалану арзан бола бастады",- деді бас директор журналистердің "Vita" АҚ жылына 65 мың тоннаға жуық көлемде биоэтанол өндіретін жеке цех салу жөніндегі 2008 жылғы жоспары туралы сұрақтарына жауап бере отырып.

П. Потапов, үстіміздегі жылдың шілдесінде астықтың бір тоннасының құны айтарлықтай қымбаттағындағын атап өтті. "Егер биржаға қарасаңыздар, қазір дүниежүзілік нарықта астықтың бір тоннасы 265 АҚШ долларына сатылуда. Астықтың бағасы осылай болып тұрғанда - биоэтанол өндіру қисынсыз",- деп атап өтті П. Потапов. Ол сондай-ақ "жүгеріден биоэтанол өндіру де қисынсыз. Жүгерінің тоннасы 160 АҚШ доллары тұрады, бірақ бұл көп тұрмайды, ол да көтеріледі",- деп қосты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны