09.08.2010, 16:31 3455

Астық бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығындағы азық-түлік бағасына әсер етпейді

Астық бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығындағы азық-түлік бағасына әсер етпейді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 -тамыз. Kazakhstan Today - Астық бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығындағы азық-түлік бағасына әсер етпейді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астық бағасын нарық болжайтындығын атап өткен ол, "бүгін ел Үкіметі әлеуметтер тауарлар тізбесіне қысымды төмендетуге тапсырма берді. Біз астық бағасының өскенін және астық бағасының да өсетіндігін көріп отырмыз. Бұл қысым әлеуметтік тауарларға әсер етпес үшін бүгін үкімет тапсырма берді: біз тиісті министрліктер, астықты қажетті көлемге жеткізуге және өзімізге белгілі тұрақты бағамен, яғни бір тоннасын 20,5 мың теңгеден сатуға қатысты шаралар қолданамыз",- деп түсіндіріп өтті Е. Аман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны