13.06.2008, 17:21 2857

Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде . Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Егер маусымда ылғал қалыпты нормада түссе, тиісінше, вегетациялық кезеңде түрлі аурулар мен зиянкестер залал келтірмесе, астық түсімі биыл 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде ", - деді А. Буць.

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде . Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер маусымда ылғал қалыпты нормада түссе, тиісінше, вегетациялық кезеңде түрлі аурулар мен зиянкестер залал келтірмесе, астық түсімі биыл 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде ", - деді А. Буць.

Оның айтуынша, "болжам бойынша, негізгі астықты аймақтарда күз-көктемгі ылғал қорына қарай және көктемгі жаңбырларға қарай түсім кейінгі 4-5 жылдық орташаның деңгейінде болады деп күтуге болады".

"Оңтүстік және шығыс өңірлерде қуаңшылық болса, солтүстік және батыс өңірлерде ағымдағы маусымда жайлы болмақ", - деді А. Буць.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны