07.07.2010, 17:42 3655

Астықтың әлемдік биржадағы бағасы одан әрі өсуде

"Канадада ауа райы өте ылғалды, Ресей мен Қазақстанда өте ыстық және құрғақшылық",- деп атап өтті Миннеаполистегі Northstar Commodity сарапшысы Джейсон Уорд (Jason Ward).

Алматы. 7-шілде. Kazakhstan Today Астықтың әлемдік биржадағы бағасы одан әрі өсуде, себебі инвесторлар өнімге әсер ететін Қазақстан, Ресей және Канададағы ауа райының қолайсыздығына алаңдаушылық танытуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Associated Press сілтеме жасай отырып.

"Канадада ауа райы өте ылғалды, Ресей мен Қазақстанда өте ыстық және құрғақшылық",- деп атап өтті Миннеаполистегі Northstar Commodity сарапшысы Джейсон Уорд (Jason Ward).

"Ауа райының қолайсыздығы үстіміздегі жылы осы жерлердегі астық өнімінің тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Канадада жауын-шашынның салдарынан егін жинау кейінге қалдырылды",- деп түсіндіріп өтті ол.

Соңғы төрт күнде астық бағасы 11,1 пайызға өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны