16.10.2012, 13:16 2851

Астықтың Қазақстандағы ішкі бағасы 155 АҚШ долларынан 280 АҚШ долларына дейін өсті

Бұл өз кезегінде 42 мың теңгені құрап отыр. Ал, Қаратеңіз порттарында 270-тен 350 долларға дейін жеткен.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Астықтың Қазақстандағы ішкі бағасы 155 АҚШ долларынан 280 АҚШ долларына дейін өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Бұл өз кезегінде 42 мың теңгені құрап отыр. Ал, Қаратеңіз порттарында 270-тен 350 долларға дейін жеткен.

Илемдегі құрғақшылық салдарынан астық көлемі өткен маусымға қарағанда 38 млн. тоннаға кем болып отыр.

Оның айтуынша, астық жөніндегі халықаралық кеңестің қыркүйек айында жасаған есебінде "дүниежүзіндегі қуаңшылықтың салдарынан 2012-2013 маркетинг жылдардағы әлемдік бидай өндіру көлемі 657 млн. тоннаға дейін төмендеді, бұл өз кезегінде өткен маусымға қарағанда 38 млн. тоннаға кем" делінген. Осының нәтижесінде шілде айына қарағанда тауар биржасында баға жоғарылады. Яғни, Чикаго биржасында 21 АҚШ долларына, Парижде 33 АҚШ долларына көтеріліп, қыркүйектің бірінші онкүндігінде сәйкесінше 319 және 337 АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны