11.04.2008, 17:45 3153

"Атамекен" экономиканың нақты секторындағы бірқатар салалар бойынша кірісті кассалық тәсіл арқылы растауды ұсынуда

"Атамекен" экономиканың нақты секторындағы бірқатар салалар бойынша кірісті кассалық тәсіл арқылы растауды ұсынуда

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы экономиканың нақты секторындағы бірқатар салалар бойынша кірісті кассалық тәсіл арқылы растауды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан бухгалтерлерінің бірінші республикалық форумы барысында жаңа Салық кодексінің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстанның "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жұмыс тобының соңғы отырысында біз бірқатар салалар бойынша кірісті кассалық тәсілді пайдалану арқылы растау жөнінде мәселесін көтердік. Жұмыс тобының жетекшісі, вице-премьер Ербол Орынбаев кассалық тәсілді ауыл шаруашылық өндірісшілеріне қатысты қолданылу мәселесі қарастырылуы мүмкін дегенді айтты ", -деді Е. Никитинская.

"Тағы да біз бұл тәсілді машина жасау саласында қолдануды сұрадық, бірақ бұған байланысты ешқандай жауап алмадық ", -деп толықтырды ол.

Форум қатысушылары агенттік тілшісіне түсіндіргеніндей, кассалық тәсіл бойынша салық төлеушінің табысынан алынатын салық, оның өніміне , қызметіне жұмысына төленген нақты ақша мөлшерінен алынады. Ал ірі кәсіпорындарға таралатын салық салу қағидасы бойынша, төлемдер нақты тапқан ақшадан емес салық төлеуші ұсынған тауар, қызмет, жұмыс көлемінен алынады. Кірісті растайтын кассалық тәсіл бүгінгі күні жеңілдетілген декларация бойынша есеп-қисап тапсыратын салық төлеушілерге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны