14.09.2007, 17:08 3544

"Атамекен" холдингі Дангарда цемент зауытын салмақ - Қуатбаев

"Атамекен" холдингі Дангарда цемент зауытын салмақ.

ДУШАНБЕ. 14-қыркүйек. "Қазақстан бүгін" "Атамекен"Холдингі" Қазақстандық қаржы-өнеркәсіптік тобы Хатлонск облысының Дангар ауданында жылдық қауаттылығы 1 млн тонна өнімді құрайтын цемент зауытын салмақ. Бұл турады журналистерге берген сұхбатында холдинг басқармалары төрағасының орынбасары Азат Қуатбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, Тәжікстанның Энергетика және өнеркәсіп министрлігі мен холдингтің өзара ықпалдастығы туралы меморандумға қол қойылған, оның бір бөлімінде осы зауыттың құрылысы да айтылған. "Зауыттың жобалық құны 120 млн АҚШ долларын құрайды",- деп хабарлады А. Қуатбаев.

А. Қуатбаевтың айтуынша, өнеркәсіп салу үшін жер бөлу туралы, шикізат кенін беру мен оларды өңдеуге лицензия беру туралы барлық құжаттар беріліп қойған.

Тәуекелділік туралы сұрақтарды түсіндіре келе, ол "Тәуекелділік, әрине бар, бірақ біз жағдайды бір жыл бойы зерделедік, және де оны қолайлы деп санаймыз", деп атап өтті. "Үлкен табыс тәуекелділік жоғары болған жерде ғана бар емес пе",- деп атап көрсетті холдинг төрағасының орынбасары. Қуатпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ол, "біріншіден, өнеркәсіп алаңы 1-ші Сангтудинская СЭС-нан алыста емес, ал екіншіден біз цементті күйдіру үшін газ емес, көмір ұнтағын пайдалану үшін көмір кенішін біздің басқаруымызға беруді ұсынып отырмыз",- деп атап көрсетті.

Холдинг басшысының орынбасарының мәліметтеріне сүйенсек, "Зауыт екі желіден тұрады, және де екінші желіні құрылыс басталғаннан кейін 3 жыл 6 айдан кейін бастау көзделген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны