19.05.2017, 15:40 6788

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Қызылорда кәсіпкерлерімен кездесті

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылордаға жасаған іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорындардыӊ жұмысымен танысты

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылордаға жасаған іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорындардыӊ жұмысымен танысты

"Атамекен" басшысы еӊ алдымен "Нұр-строй" ЖШС-ніӊ Қызылордадағы филалына барды. Қарқынды әрі заманауи дамып отырған кәсіпорынныӊ негізгі жұмысы көпсалалы құрылысқа арнап темірбетонды бұйымдар мен констукцияны шығаруға бағытталған. 2012 жылы іске қосылған кәсіпорынныӊ жылына 60 мыӊ шаршыметр өнім дайындайды.

Зауытта қалыптық, арматуралы, бетон араластыратын, шикізаттық және механикалық жөндеу цехтары жұмыс істейді. Бүгінде 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр әрі жұмысшыларыныӊ әлеуметтік жағдайына ерекше көӊіл бөледі.

Зауыт директоры Нұрлыбек Қалекеевтыӊ айтуынша, өӊірдегі құрылыстыӊ қарқынды дамуы өнім сұранысыныӊ жоғарылығымен түсіндіріледі. Зауыт өнімі Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кеӊінен танылған.

Тимур Құлыбаев бастаған елордалық қонақтар, сонымен қатар, Қызылордада ерлер жейдесін тігетін фабриканыӊ жұмысымен танысты.

Тігін фабрикасыныӊ жетекшесі, "DALATEX" ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов кәсіпті қалай жолға қойғанын баяндады

"Еӊ басында тауарды шет елден әкеліп, жергілікті базарда саттық. Бірақ кейіннен өӊірде де ерлер киімін тігумен айналысуға болатынын түсіндік", - дейді "DALATEX" басшысы

Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таӊда өндіріс көлемі айына 7-9 мыӊ жейде тігуге дейін жетті. Келешекте айына 10-12 мыӊ өнім дайындау жоспарланып отыр. Бүгінде мұнда 40 жұмысшы еӊбек етеді.

Қосымша жетілдірілген, компьютерлендірілген құрылғылар сатып алынуда. Сатып алушыларға ыӊғайлы болу үшін еліміздіӊ өзге де өӊірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып отыр. Оныӊ стратегиялық жоспарына сәйкес болашақта ТМД елдеріне арнап жейде түрлері шығарылады.

Кәсіпорындағы кездесудіӊ соӊында Төралқа Төрағасы тілек кітабына өз пірікін қалдырды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны