07.04.2008, 19:28 3318

"Атамекен одағы" ҚР Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетін палатаның ресми құжаттарын қолдан жасады деп айыптауда

"Атамекен одағы" ҚР Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетін палатаның ресми құжаттарын қолдан жасады деп айыптауда

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетін ресми құжаттарды қолдан жасады деп айыптауда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Атамекен" палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта "Үйлесімділікті бағалау саласындағы аккредидациялау туралы" және "Үйлесімділікті бағалау саласындағы аккредидациялау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобалары парламентте жатыр. Ол заң жобалары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды және оларға "Атамекен одағы" өткен жылдың 10 сәуірінде №647 сараптама қорытындысын берген болатын", - деп еске салды А. Перуашев.

Алайда, оның айтуынша, 2007 жылдың 19 желтоқсанында "Атамекен одағына" техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлері тағы да келіп, ауызша Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының ресми бланкінде сараптама қорытындысын жаңа мәліметтермен қайта беруді өтінген. Олардың айтуынша, оның себебі №647 сараптама қорытындысының бланкі бүлініп қалып, парламент мәжілісіне қабылданбайды. "Сонымен бірге бұл заң жобаларының мәтіні олар сендіргендей бұрынғы қалпында қалған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қызметкерлерінің сұрауына құлақ асып, біз бұрынғы қорытындыны қайта жасадық және жаңадан №2504 нөмірімен тіркедік", - деп сөзін жалғастырды "Атамекен" басшысы.

"Парламенттің төменгі палатасының жұмыс тобының отырысы барысында мәжіліске ұсынылған заң жобалары біз сараптама қорытындысын берген құжаттардан алшақ екендігі анықталды", - деп мәлімдеді А. Перуашев. "Заң жобаларының жаңа мәтінінде кәсіпкерлердің заңдық құқықтары өрескел бұзылған. Мұндай күйінде ол "Атамекен одағының" сараптамасына ешқашан ұсынылмас еді және біздің ұйымның жақсы қорытындысын алмас еді. Техникалық реттеу комитеті "Атамекен одағынан" алдап алған және біздің мазмұны жағынан әлдеқайда айырмашылығы бар құжатқа берген қорытынды тіркелген заң жобасының мүлдем басқа мәтіні мәжіліске енгізілген", - деп сендіріп отыр ол.

"Аталмыш әрекеттерді ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қызметкерлері тек техникалық реттеу және метрология комитетінің басшылығының хабары болғандықтан және солардың берген тапсырмасымен іске асырылғаны сөзсіз. Бұл әрекеттер кәсіпкерлердің заңдық құқықтарын таптауға бағытталған және аталмыш мекеме бастамашы болған қадамдар бойынша "Атамекен одағының" тұғырнамасына қатысты парламент депутаттарын адастыру мақсатында жасалған", - деп есептейді "Атамекен" басшысы.

А. Перуашев соңғы мәтіндегі заң жобасының "Ұлттық аккредитациялау орталығы" ЖШС бақыланбайтын басымдықтарға ие болатын монополиялық жағдай жасауға бағыталғанына сенімді. Бұл "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңның 3 бабының 3 пунктіне қайшы келеді. Ол бойынша жеке кәсіпкерліктің жекелеген субъектілеріне басымдық жағдайын беруді бекітетін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдардың қабылдауына тыйым салады.

"Халықаралық тәжірибені алға тарта отырып заң жобасын жасаушылар жабық, қоғам мен мемлекетке бағынышты емес монополиялық құрылым жасауды мақсат етіп отыр", - деп мәлімдеді "Атамекен" басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бизнес субъектілерін тексеру мен тексеруші органдарды қысқарту туралы мемлекет басшысының талаптарына қарамастан заң жобасы "Ұлттық акредитациялау орталығы" ЖШС-іне мемлекеттік органдардың өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеру функциясын беруді көздеп отыр. "Бұл қызметті асыра пайдалану мен сыбайлас жеморлыққа жағдай жасайды", - деп есептейді А. Перуашев.

Оның айтуынша, ҚР Индустрия және сауда министрлігі заңдық деңгейден төмен актілерді қабылдау арқылы осы өкілеттіліктерді заңсыз жоғарыда аталған ЖШС-іне өткен жылдың аяғында беріп те қойған. "Осылайша, осы секторды реттеудің негізінен монополиялық және сыбайлас жемқорлық кестесі соңғы төрт ай көлемінде жұмыс істеп тұр. Ал осы заң жобалары арқылы оны жасаушылар толығымен оны заңдастырып алуды мақсат етіп отыр", - деді "Атамекен одағының" басшысы.

Оның айтуынша, мүдделерін осы ЖШС аяққа таптаған кәсіпкерлер "Атамекен одағына" шағымданып келе бастаған. "Соған қарамастан, "Атамекен" тарапынан жасалған бірқатар қарсылықтар мен бірқатар депутаттардың оны сынға алғанын елеместен бұл заң жобасы мәжілістің жұмыс тобында лобби жасалып жүр", - деп түсіндірді А. Перуашев.

Оның айтуынша, осыған байланысты "Атамекен одағы" мәжіліс депутаттарына және өзге де органдарға палатаның сараптама қорытындысын қолдан жасау оқиғасын тексеруді, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауды және жоғарыда көрсетілген заң жобаларын қайта қарауға жіберуді өтініп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны