13.10.2008, 14:41 1608

"Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасы мен Австрияның федералдық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасы мен Австрияның федералдық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін өткен Қазақстан- Австрия экономикалық форумы барысында "Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасы мен Австрияның федералдық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ұлттық экономикалық палатасының хабарлауынша, бизнес-форумға Қазақстанның 100-ден астам, Австрияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты.

"Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының айтуынша, "Қазақстан мен Австрия арасындағы тауар айналымының статистикасы өсімді паш етуде. Егер 2007 жылы тауар айналымының көлемі $231 млн асса, жылдың екінші жартысында ол $146 млн асты".

"Қазақстанда бүгінде Австрия капиталының қатысуымен құрылған 50 компания жұмыс істеуде. Бұл компаниялар негізінен мұнайгаз өндіру мен өңдеу мен металлургия саласында шоғырланған", -деді А. Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны