19.05.2017, 15:42 7183

"Атамекен" ҰҚП басшысы мен Қызылорда облысыныӊ әкімі аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

Мәселен, өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Микробизнес-Қызылорда" жобасы аясында жалпы сомасы 840 млн теӊге болатын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаӊа жұмыс орындары ашылды. Ал, қаржыныӊ қайтарылуы 100%- ды құрайды.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - 18 мамырда ҚР "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп, аймақтағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады және кәсіпкерлердіӊ аймақтық кеӊесініӊ отырысына қатысты.

Жиынды ашқан Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев шағын және орта бизнесті, оныӊ ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту аймақ үшін басым бағыт екенін атап өтті. Мәселен, өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Микробизнес-Қызылорда" жобасы аясында жалпы сомасы 840 млн теӊге болатын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаӊа жұмыс орындары ашылды. Ал, қаржыныӊ қайтарылуы 100%- ды құрайды.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ Бірыӊғай жол картасы әзірленді. Жол картасын жасаудағы мақсат - кәсіпкерлікті қолдау шараларына арналған барлық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында жаӊа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлер санын арттыру.

-Біз әрбір селолық округ пен аудан, қала үшін экономиканыӊ салалары бойынша барлық индикаторларды облыс әкімдігініӊ ахуалдық орталығына жүктедік. Осы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуда ауыл, аудан, қала әкімдерініӊ, қаржы институттарыныӊ және мемлекеттік органдардыӊ жұмысын ашық қадағалай аламыз,-деді Қ.Көшербаев.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов шағын және орта бизнесті дамытуда аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы және кәсіпкерлердіӊ қызметіне кері әсер етіп отырған әкімшілік кедергілер туралы баяндады.

"Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы жиынды қорытындылай келе, Қызылорда облысындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

-Біздіӊ міндет бизнес пен билік арасында диалог орнату. Қызылорда облысында бұл жұмыстар толығымен атқарылуда, ал кәсіпкерлікті дамытуда облыс әкімдігініӊ жүргізіп отырған іс-шаралары республикада озық тәжірибе болып саналады,-деп атап өтті Т. Құлыбаев.

"Атамекен" ҰКП басшысы экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевты Палатаныӊ "Ісіне адалдығы үшін" медалімен марапаттады,- деп хабарлайды Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны