12.04.2017, 17:21 4780

"Атамекен" ҰКП тауар жеткізушілер мен құрылыс саласы өндірушілерініӊ реестрін құруды тапсырды

Қазақстанныӊ құрылыс саласында жүйелілік қойылғаны және саланыӊ өзге бақыттардан гөрі ілгері дамып келе жатқанына қарамастан шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Айталық, құрылысқа қатысты жер мәселесі өзекті.

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ басшылығымен ?Р ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетініӊ есептік жиналысы өткізілді.

Тимур Құлыбаев тауар жеткізушілер мен құрылыс саласы өндірушілерініӊ реестрін құруды тапсырды. Ресми статистика бойынша осы салада жұмыс істеп жатқан 60 мыӊнан астам кәсіпкерлік бар, алайда қауымдастықтардыӊ нарықтағы үлесі тым төмен.

Қазақстанныӊ құрылыс саласында жүйелілік қойылғаны және саланыӊ өзге бақыттардан гөрі ілгері дамып келе жатқанына қарамастан шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Айталық, құрылысқа қатысты жер мәселесі өзекті. Комитет төрағасы Александр Беловичтіӊ айтуынша, 14 өӊір мен Астана, Алматы қалаларыныӊ Жер комиссиялары туралы Ережелерге сараптама жасау нәтижесінде жер комиссияларыныӊ қызметініӊ маӊызы мен тізбеге бірыӊғай тәсілдіӊ қалыптаспағаны анықталды. Сонымен қатар комиссия құрамына құрылыс саласына қатысы жоқ кәсіпкерлер тартылмаған.

"Атамекен" ҰКП бұл мәселе бойынша қажетті жұмыс атқарып, жақында Ұлттық палатаныӊ жер комиссиясы туралы Үлгілік ережені әзірлеу бойынша ұсыныстары қабылданды. Бизнес үшін маӊызды бағытардыӊ бірі - жер комиссияларына қатысу мүмкіндігі.

Сонымен қатар 2017 жылда атқарылатын жұмыс бойынша бірнеше бағыттар анықталды. Негізінен аталған жұмыстар тұрғын үй құрылысыныӊ жандандыру принциптері бойынша ҰКП-ныӊ ұсыныстары ескерілген "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысты болды. Онда экономикалық белсендігі бар тұрғындарға баспананы қолжетімді ету мақсатында ипотеканы субсидиялау, жеке тұрғын үй салушыларды ынталандыру, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қосымша ынталандыру сынды бірқатар ұсыныстар жасалған болатын.

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларда қазынашылық сүйемелдеу механизмдерін жетілдіру бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ жекелей ұсыныстары ескерілген. 2016 жылдыӊ желтоқсан айында ҰКП қазынашылық органдарында барлық жеткізушілердіӊ арнайы шот ашуыныӊ қажеттілігі жоқ екенін алға тартып, бұл мәселе бойынша "Тапсырыс беруші - Бас мердігер - Қосалқы мердігер" "тізбегі" бойынша арнайы шот ашу сынды өзініӊ нақты ұсынысын білдірді. 2017 жылдыӊ наурыз айынан бастап Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарына 3 қанатқақты жоба іске қосылды. "Пилоттық" жобаларды жүзеге асыру аясында құрылыс процесініӊ барлық қатысушыларына арнап қолданыстағы заӊнамаға өзгертулер енгізілген. Осы ретте құрылыс секторы қатысушылардыӊ процедуралардағы қосымша сұрақтары "пилоттық" жобалардыӊ орындалу деӊгейі бойынша шешілмек. Пилоттық жобаларды жүзеге асыру барысы үнемі ҚР Үкіметініӊ қатаӊ қадағалауында болады.

Өӊірдегі кәсіпкерлердіӊ сатып алулар саласындағы түрлі мәселелер аландатады. Мәселен, заӊнамаға енгізілген демпинг құрылыс саласында кейбір қызмет көрсету жеткізушілеріне бағаны 0,1 теӊгеге дейін түсіруге жағдай туғызады, яғни бұл анық мәселе. Нарықтағы құрылыс бағаларын ескермейтін баға белгілеу жүйесініӊ олқылықтар да қайта қарауды талап етеді. ҰКП Жобалық-сметалық құжатнаманыӊ әзірлеу тәртібі мен сапасы бойынша сұрақтарды шешу үшін өз алаӊында үнемі әрекет ететін Жұмыс тобын құрады.

Құрылыстағы бағаларды реттеу мақсатында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекетті органдарымен бірлесіп отандық тауар өндірушілерніӊ мүддесі ескеріліп, ал келешекте импорттаушылар мен дистрибьютерді де қамтитын жеткізушілердіӊ бірыӊғай Реестрін құру мәселесін қолға алмақ. Аталмыш Реестр құрылыс саласындағы нақты статистика мен баға белгілеудіӊ шынайы саясатын жүргізуге жол ашатын сенімді әрі бірыӊғай базаға айналмақ. Сонымен қатар бұл база құрылыс процесіне қатысушыларына арналған ыӊғайлы платформа болады.

Ұлттық палата басшысы Тимур Құлыбаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, саладағы жүйелі мәселелерді шешуді тапсырды. Берілген тапсырмалар ішінде ҰКП Құрылыс бойынша комитеті "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-тыӊ жекелеген құзыретін бәсекелестік ортасына беру туралы ұсынысты дайындау қажет, онда салалаық қауымдастықтар мен компаниялардыӊ мүмкіндіктері ескерілуі тиіс. Құрылыс саласын бойынша заӊнамалар мен заӊ шеӊберіндегі нормативті-құқытық актілерді есепке ала отырып ҰКП сәулет, құрылыс және қала салу саласында Салалық кодексін дайындауды қолға алу керек. Төралқа Төрағасы жеӊімпаз-компаниялар тізбесін анықтау үшін Өӊірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы құрылыс саласындағы сатып алуларға соӊғы бес жыл бойынша сараптама жасауды тапсырды.

Ресми статистикаға сәйкес осы салада жұмыс істейтін субъектілердіӊ саны 60 мыӊнан асады, алайда қауымдастықтардыӊ нарықтағы үлесі тым төмен. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басшылығымен құрылыс саласында Өзін-өзі басқаратын ұйымды құру және мемлекеттік функцияны бәсекелестік ортаға беру мәселесін талқыға салу қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны