13.06.2017, 14:55 4271

"Атамекен" ҰКП-ныӊ дәстүрлі 4-ші съезіне Қызылорда облысынан 13 азамат қатысады

Өӊірлік кеӊестіӊ жанынан тұрақты жұмысшы органдары ретінде ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардыӊ бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда аудандық кәсіпкерлер кеӊесі құрылып, бүгінгі күнге ауылдық аймақтардыӊ бизнес өкілдері қамтылып отыр. Аудандық кәсіпкерлер кеӊесініӊ мүшелігіне 10-12 кәсіпкерден енгізіліп, төрағалары сайланды.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 14-ші маусымында өтетін "Атамекен" ҰКП-ныӊ ІV съезі қарсаӊында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ төрағасы, "Фирма "Best-Servis LTD" ЖШС-ніӊ бас директоры Асқар Махамбетовпен сұхбаттасып, Палата атқарған жұмыстар, Кеӊес көтерген мәселелер туралы сұраған болатынбыз.

- Асқар Аралбайұлы, Сіз Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап істіӊ басы-қасында жүрген азаматсыз. Қателеспесем, Кеӊесте де құрылған сәттен бастап төрағалық жасап келесіз. Осы ретте, Кеӊес туралы қысқаша айтып өтесіз бе?

- Дұрыс айтасыз, Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәтінен бастап бүгінгі таӊдағы қалыптасу, даму сынды барлық кезеӊінде аймақтағы іскер азаматтармен бірге жұмыс жасап келеміз.

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасыныӊ Өӊірлік кеӊесі 2013 жылы құрылды. Бүгінде кеӊестіӊ 19 мүшесі бар. Бұл азаматтар облыстағы кәсіпкерлердіӊ мүдделерін білдіретін кәсіпорындардыӊ және қауымдастықтықтардыӊ басшылары, беделді кәсіпкерлер. Кеӊес құрылымы шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, құқықтық қорғау, адами капиталды дамыту, экономикалық бағытты (мемлекеттік-жеке әріптестік, инвестицияларды тарту, т.б.) қамтитын 5 комитеттен тұрады.

Сонымен қатар, Өӊірлік кеӊестіӊ жанынан тұрақты жұмысшы органдары ретінде ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардыӊ бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда аудандық кәсіпкерлер кеӊесі құрылып, бүгінгі күнге ауылдық аймақтардыӊ бизнес өкілдері қамтылып отыр. Аудандық кәсіпкерлер кеӊесініӊ мүшелігіне 10-12 кәсіпкерден енгізіліп, төрағалары сайланды.

Жалпы 4 жыл ішінде Өӊірлік кеӊестіӊ 50-ден астам отырысы өткізіліп, 128 мәселе талқыланды.

- Кеӊеспен көтеріліп, нәтижеге жеткен мәселелер бар ма?

- Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап біз облыс орталығындағы, аудандардағы, ауылдардағы әріптестеріміз - кәсіпкерлермен тұрақты кездесіп тұрамыз. Өзіміз де бизнесте жүрген азаматтармыз. Сондықтан да кәсіппен айналысқысы келетін жандар үшін бірден бір мәселе - кәсіпкерлік саласына қатысы бар мекемелердіӊ жан-жақта орналасуы. Осы жайттарды ескере келе, 2015 жылдан бастап "Кәсіпкерлер үйін" құру бастамасын көтеріп келдік. Мұнан өзге, аудан, ауыл тұрғындарына шағын несие беретін "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығын, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығын, рұқсат беру құжаттарымен айналысатын толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру бастамаларын көтердік. Нәтижесінде бұл ұсыныстарымыздыӊ барлығы да жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау тауып, бүгінде сәтті жүзеге асырылып отыр.

- Енді съезд туралы айтып бересіз бе? Біздіӊ өӊірден кімдер барады?

- "Атамекен" ҰКП-ныӊ дәстүрлі съезі осымен 4-ші жыл қатарынан өткізілуде. Съезд барысында біз бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, кәсіпкерлердіӊ кездесіп отырған проблемаларын ортаға саламыз. Аталмыш съезге Үкіметтіӊ, орталық атқарушы органдардыӊ басшылары қатысатын болғандықтан өӊірлердегі кәсіпкерлердіӊ проблемасын бірге талқылау, салаға қатысты шешіліп жатқан мәселелерді естіп, өзіміздіӊ әріптестерімізге жеткізу аса маӊызды.

Біздіӊ өӊірден бұл съезге Өӊірлік кеӊестен 6 делегат, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасыныӊ басшысы мен аудандық филиал директорлары - барлығы 13 азамат қатысады.

- Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ жұмысы туралы қысқаша пікір білдіріп өтсеӊіз.

- "Атамекен" ҰКП-сы құрылған сәттен бастап 17 мыӊнан астам кәсіпкерден құқығын қорғау жөнінде өтініш түсіп, орта есеппен 42 пайыздан астамы оӊ шешілді. Нәтижесінде кәсіпкерлер 51,7 млрд.теӊгеден астам қаржысын сақтап қала алды.

Мұнан өзге, заӊнамалардыӊ жобаларына қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік саласына қатысты 11 мыӊнан астам нормативтік-құқықтық актілердіӊ жобасы түсті. Оныӊ ішінде 300-ден астамы заӊ жобалары. Тек қана 2016 жылдыӊ өзінде "Атамекенмен" 4930 нормативтік-құықтық акті жобасы қаралды.

Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ жүзеге асыруға да атсалысуда. "Атамекен" жүргізген жұмыстарыныӊ нәтижесінде шағын қаржы ұйымдары құрылып, аталмыш қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 2 705 млн.теӊгені құрайтын 563 жоба қаржыландырылды. 2544 жаӊа жұмыс орны ашылды.

Ирине, кәсіпкерлік саласында әлі де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Салық мәселесіне қатысты, қаржыныӊ қолжетімділігі, әкімшілік кедергілер және тағы да басқа мәселелер бар. Дегенмен, бүгінгі таӊда Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ жұмысы жүйелі жолға қойылған. Жоғарыда аталған мәселелерді жүйелі шешу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде. Нәтижесін кәсіпкерлер нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістерден көріп отыр. Мұнан өзге бизнес өкілдерімен жұмыс жасауда "Атамекенде" нақты механизмдер бар. Салаға қажетті ақпараттардыӊ барлығын бизнестегі азаматтар Палатаныӊ ресми сайтынан ала алады, мұнан өзге Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы әр департамент кәсіпкерлермен кері байланыста нәтижелі жұмыс жасап отыр. Ал жергілікті жерде жергілікті атқарушы органмен әріптестік қарым-қатынас жолға қойылған.

- Асқар Аралбайұлы, сұхбатыӊыз үшін рахмет. Сапарларыӊыз сәтті болсын.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны