29.05.2017, 18:29 2787

"Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болды

Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, өӊiрде кәсiпкерлiктi дамытудыӊ тиiмдi бағыттары және түйiткiлдi мәселелерiн шешу жолдарын қарастырған кеӊейтiлген мәжiлiс өткiздi.

Көкшетау. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, өӊiрде кәсiпкерлiктi дамытудыӊ тиiмдi бағыттары және түйiткiлдi мәселелерiн шешу жолдарын қарастырған кеӊейтiлген мәжiлiс өткiздi.

Мәжiлiске облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин, облыстық мәслихат депутаттары, өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасыныӊ мен "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қорыныӊ өкiлдерi, облыстық департаменттер, басқармалар және ведомстволар басшылары қатысты. Мәжiлiс басталмас бұрын Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы президиумыныӊ төрағасы алдымен, Көкшетаудағы iргелi кәсiпорындардыӊ бiрiнен саналатын "Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiӊ жұмысымен танысты.

2012 жылдан бастап қолға алына бастаған жобаныӊ басты мақсаты-Беларусь елiнiӊ коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласыныӊ озық техникаларын өӊiрде құрастырып, екi ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту. Жобаныӊ бiрiншi кезеӊiн жүзеге асыру үшiн 2014 жылы Беларусь елiнiӊ "Минск трактор зауыты" ашық акционерлiк қоғамы және отандық "Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi бiрлесiп, "МТЗ-ҚАИК" серiктестiгiн құрған болатын. Бүгiнгi таӊда серiктестiк 5 миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, 7 түрлi техниканыӊ 500 данасын құрастырып шығарған. Олар негiзiнен, отандастарымыз тарапынан сұранысқа ие болып отырған коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникалары.

Өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасыныӊ ғимаратында өӊiрде кәсiпкерлiктi дамытудыӊ тиiмдi бағыттары және түйiткiлдi мәселелерiн шешу жолдарын қарастырған кеӊейтiлген мәжiлiс өткiзiлдi. Онда кәсiпкерлер мен мемлекеттiк органдар арасында түсiнiспеушiлiктен туындайтын даулы кейбiр мәселелер және өӊiрде шағын және орта бизнестi дамыту бағыты да сөз болды.

- Өӊiрлердегi ұлттық палата өкiлдерi кәсiпкерлiктiӊ дамуына кедергi келтiрiп отырған көптеген проблемаларды анықтады. Өзiмiз де осындай отырыстарды жиi ұйымдастырып, кәсiпкерлердiӊ өзектi мәселелерiн тыӊдадық, талқыладық. Соныӊ нәтижесiнде кәсiпкерлердiӊ бiрқатар мәселелерiнiӊ оӊтайлы шешiлуiне себепшi болдық. Мысалы, мемлекеттiк сатып алу жүйесiне оӊтайлы өзгерiстер енгiзiлiп, оныӊ ашықтығы қамтамасыз етiлетiн болды. Отандық өнiм өндiрушiлердi бiрiгiп қолдау жөнiнде мемлекеттiк органдармен келiсiп жатырмыз. Жеке кәсiбiн жаӊа бастаушыларға кепiлсiз шағын несиелер берудi де ұйымдастырудамыз. Шағын және орта бизнес ауылдық жерлерде де дамуы керек. Ол үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге мемлекет тарапынан қолдау қажет,-дей келе, Тимур Құлыбаев жергiлiктi билiк өкiлдерiн кәсiпкерлiктi дамыту бағытында ынтымақтаса жұмыс iстеуге шақырды.

Осы орайда облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин өӊiр кәсiпкерлерiне барынша қолдау көрсетiлiп, олардыӊ мәселелерiн талқылау және шешу жолдарын iздестiру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өттi. Бұл туралы өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасыныӊ басшысы Еркебұлан Баяхметов өз баяндамасында кеӊiнен таратып, айтып бердi. Оныӊ айтуынша өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы тарапынан жергiлiктi кәсiпкерлерден түскен 1 мыӊнан астам шағым қаралып, 200 миллион теӊгенiӊ мүлiктiк құқығы қорғалған.

Сонымен қатар, мәжiлiс барысында субсидия алу, iскер топ өкiлдерiн қорғау және елдегi тексеру мен қадағалау органдарыныӊ санын қысқарту тәрiздi мәселелер де айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны