20.09.2017, 17:19 4622

"Атамекенде" Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заӊ жобасы таныстырылды

20 қыркүйек күні "Атамекен" ҚР ҰКП алаӊында Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заӊ жобасыныӊ таныстырылымы жасалды.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - 20 қыркүйек күні "Атамекен" ҚР ҰКП алаӊында Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заӊ жобасыныӊ таныстырылымы жасалды.

Шараға "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорыныӊ орынбасары Гүлнар Қуанғанова, жобаны әзірлеу бойынша сараптамалық топтыӊ өкілі Гүлнар Кұрбанбаева, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері мен салалалық қауымдастықтар қатысты.

"Жылдан жылға бизнесті қайта реттеу бойынша мемлекет жүйелі жұмыс атқарып келеді. Мәселен, кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер азайтылды. Ұлттық экономика министрлігіне алғысымыз шексіз, бірлесіп, тиімді жұмыс атқарып келеміз", - деді ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсінов.

Спикер ары қарай Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заӊ жобасыныӊ артықшылығын, өзгерту енгізілген негізгі бес бағытты атап өтті.

"Аталған заӊ жобасы бизнес үшін жаппай шығындарды азайту және заӊнамада бәсекелестікті қиындататын нормативтерді жоюды, 2020 жылға дейін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру Тұжырымдамасын жүзеге асыру және бизнесті қайта реттеу бойынша шаралар қолдануды көздеп отыр. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау және өӊірлер рейтингін жүргізу және Қазақстанныӊ Дүниежүзілік Банктіӊ "Doing Business" рейтингінде позицияларын жақсартуға бағытталған өзгертулер енгізуді қарастырады", - деді ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсінов.

Қазақстанныӊ "Doing Business" рейтингінде өсуі заӊнамалық деӊгейде шешілмек.

Спикердіӊ айтуынша жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеудіӊ барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин заӊ жобасыныӊ ауқымымен құрылымыныӊ бизнеске қарай бейімделгенін тілге тиек етті.

"Бұл заӊ жобасын Атамекен жазып шықты. Мазмұнындағы бизнеске қатысты өзгертулер Елбасыныӊ биыл Қазақстан халқына жасаған Жолдауына сәйкес негізделді. Жаппай тексерулер, ақпараттық құралдар, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалар, квазимемлекеттік және табиғи монополиялар беретін рұқсат қағаздардыӊ санын азайту сынды бағыттар ескерілді. Ұлттық палата мен Ұлттық экономика министрлігі қыруар жұмысты атқарды. Заӊ тұжырымдамасы мемлекеттік органдар қарауына жіберілді. Жалпы заӊ жобасын әзірлеуде 26 сарапшы жұмыс істеді", - деді Серік Жұманғарин.

Ал заӊнаманыӊ құрылымы жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары Асланбек Жақыповжан-жақты таныстырылым жасады.

Атап айтқанда, заӊ жобасы ақпаратттық құралдар реформасын аяқтау, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау, рұқсат беру заӊнамасына нүктелік өзгертуді енгізу, өзін-өзі басқару мен Реттеушілік әсерді талдау институты дамуына жол ашатын нормаларды жетілдіру, бизнестіӊ жаппай шығындарын азайту, оныӊ ішінде бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға бағытталған.

Шара барысында сұрақ-жауап бөлімінде кәсіпкерлік қауымдастықтар мен кәсіпкерлер спикерлерге сауалдарын қойып ұсыныстарын ортаға салды. Жобаны әзірлеу бойынша сараптамалық топтыӊ өкілі Гүлнар Құрбанбаеваныӊ айтуынша заӊ жобасы мемлекеттік органдар қарауында, бүгін айтылған ұсыныстар ескеріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны