04.09.2018, 15:32 4224

Атырау қаласында "Қашаған-Қазақстанныӊ болашағы үшін" ғылыми-практикалық конференция өтті

Солтүстік Каспий жобасына 25 жыл

Ақтау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау қаласында "Қашаған-Қазақстанныӊ болашағы үшін" ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияға ҚР Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев, Атырау облысыныӊ әкімі Н. Ноғаев, НКОК басқарушы директоры Бруно Жардэн қатысып, Солтүстік Каспий жобасы туралы тақырыптарды талқылады.

Шара аясында "Солтүстік Каспий жобасы - Шолу және негізгі кезеӊдер туралы" және даму перспективалары туралы НКОК басқарушы дирекоры Бруно Жардэн баяндады. "Каспий теӊізініӊ қайраӊында алғашқы сәтті қадамдар - Қазақстандағы мұнай барлаудыӊ жаӊа кезеӊі" туралы - Қазақстан мұнайшы геологтары" қоғамыныӊ президенті Балтабек Қуандықов сөз кезегін алды.

Конференция барысында тараптар қоршаған ортамен биоалуантүрлікті қорғау жөнінде жобаларды талқылап, шешу жолдарына тоқталды.

Бұл президентіміздіӊ жобасы, еліміздіӊ, тәуелсіз Қазақстанныӊ дамуына қуатты серпін беретін ірі жоба. Мен жақында Ақтау қаласында өткен Каспий маӊы мемлекеттері басшыларыныӊ қатысуымен өткен ірі саммитке белсене қатысқаны үшін консорциум басшылығына алғыс білдіргім келеді. Қашаған жобасын іске асыру екі - Атырау және Маӊғыстау облыстарыныӊ аумағында жүргізілуде - деді Ералы Тоғжанов.

Қашаған жобасы - Қазақстан дамуына, оныӊ ішінде Маӊғыстау өӊірініӊ дамуына айрықша үлес қосқан ауқымды жоба. Нақтырақ айтсақ, Маӊғыстау облысы NCOC компаниясымен 20 жылдан бері іскерлік қарым-қатынаста. Осы уақыт ішінде Компания өӊір дамуына 600 млн. АҚШ долларынан астам қаржы салды. Тек соӊғы 3 жыл ішінде өӊір дамуына жыл сайын 25 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Іскерлік қатынастағы кезеӊде компания 100-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды. Олар - дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, жас мамандарға арналған жатақхана, мектептер мен балабақшалар, спорт алаӊдары мен спорт кешендері, автомобиль жолдары, тұрғын үйлер және тағы басқалар. Сондай-ақ, Атырау облысыныӊ әкімі Нұрлан Ноғаев мұнайшыларды бас мерекемен құттықтады. " Мен бүгінгі ұжымныӊ алдарына қойған міндеттерді толық орындайтынына сенемін. Аз жұмыс атқарылған жоқ, алайда алда әлі де атқарылатын жұмыстар көп. "Нөлдік цикл", қоршаған ортаға ұқыппен қарау, қауіпсіздік техникасыныӊ мәселелері - бұл жобаныӊ басында тұрған өзекті міндеттер және күні бүгінге дейін өмірлік маӊызды мәселелер болып табылады. Оларды шешу үшін әлемдік мұнай саласыныӊ барлық тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану қажет, - деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев.

Сонымен бірге, конференцияда сөз сөйлеген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзом Марзығалиев Каспий қайраӊындағы одан әрі ынтымақтастықтыӊ перспективаларын атап өтті. Жаӊа кен орындарын ашу инвестициялар салуды, жаӊа технологиялар тартуды және жаӊа жұмыс орындарын ашуды талап етеді. Бүгінгі күні консорциум шамамен 16 млн тонна мұнай мен конденсат, 5 млрд текше метрден астам газ өндірді, 700 мыӊ тоннадан астам күкірт экспорттады. Бұл Қазақстанныӊ теӊіз жобаларын дамытудыӊ бастамасы ғана.

Конференцияныӊ соӊында консорциумныӊ бірқатар басшылары, жауапты қызметкерлері, жоба ардагерлері "Қазақстанныӊ мұнайгаз саласыныӊ еӊбегі сіӊген қызметкері" төсбелгісімен, "Қазақстанныӊ мұнайгаз саласын дамытқаны үшін" медалімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны