08.08.2012, 11:37 4286

Атырау МӨЗ-ді қайта құрудың соңғы кезеңін жапондықтар 297,5 млн.долларға қаржыландырады

Шараға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының, Атырау мұнай өңдеу зауыты және жапон банктерінің басшылары қатысты.

Алматы. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау МӨЗ-ді қайта құрудың соңғы кезеңін жапондықтар 297,5 млн.долларға қаржыландырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Japan Bank for International Cooperation және Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ-мен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы үшін 297,5 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2012 жылдың 8 тамызында Токио қаласында Japan Bank for International Cooperation және Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ-мен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы үшін 297,5 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылғандығы туралы мәлімдейді. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі", - делінген хабарламада.

Шараға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының, Атырау мұнай өңдеу зауыты және жапон банктерінің басшылары қатысты.

"Атырау МӨЗ-ындағы мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешен құрылысы" стратегиялық инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасының Президентінің "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" Жолдауында және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында көзделген. МТӨК жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген.

- Жобаны жүзеге асыру 2016 жылға қарай мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнай өңдеудің жылдық қуаты 5,5 миллион тоннаға жетпек. Жоғарыоктанды бензин өндірісі қазір жылына 600 мың тонна болса, болашақта бұл көрсеткішті 1 млн.743 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік туады. Бұған дейін Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойған болатынбыз. Бүгін екінші несиелік келісімге қол қойдық",- деді "Атырау МӨЗ" ЖШС бас директоры Талғат Байтазиев.

2011 жылдың 29 желтоқсан күні "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мен құрамына қытайлық "Sinopec Engineering", жапондық "Marubeni Corporation" компаниялары және "КазСтройСервис" ҰМҚК АҚ кіретін Консорциуммен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының "түбегейлі тапсыру" Шартына қол қойылды.

Жобаның құны - ҚҚС бірге 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларына тең. Жүзеге асу мерзімі - 41 ай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны