10.09.2012, 13:04 3315

Атырау МТӨЗ-да Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы басталды

Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) құрылысының алғашқы тасын қалауға арналған салтанатты шара өтті. "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ның (ҚДБ) қаржылық көмегімен іске асырылатын құрылыс жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау МТӨЗ-да Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) құрылысының алғашқы тасын қалауға арналған салтанатты шара өтті. "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ның (ҚДБ) қаржылық көмегімен іске асырылатын құрылыс жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін салу жобасы өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және мұнай шикізатын тиімді пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдіру зауытын модернизациялау отандық нарықтың шетелдік мұнай өнімдерінен тәуелділігін төмендетуге оң әсерін тигізбек", - деп атап өтті "ҚДБ" АҚ Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Дәулетхан Қилыбаев шара барысында.

Стратегиялық маңызы жоғары жоба Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Жаңа кешен жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизель отыны өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық мотор отындары "Евро-5" деңгейіне сәйкестендіріледі.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 17 тамызында Қазақстанның Даму банкі мен Атырау мұнай өңдеу зауыты арасында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылды. Несие көлемі 252 млн. АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны