14.08.2012, 10:53 3393

Атырау мұнай өңдеу зауытында көмірсутегін өндіру кешенінің құрылысы басталды

"Құрылыс алаңдарында қада қағу, іргетас негізін қалау, іргетасқа гидроизоляция жасау және бетондау сияқты жалпықұрылыстық жұмыстар жүргізілуде", - делінген ведомство хабаорламасында.

Атырау. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау мұнай өңдеу зауытында көмірсутегін өндіру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрылыс алаңдарында қада қағу, іргетас негізін қалау, іргетасқа гидроизоляция жасау және бетондау сияқты жалпықұрылыстық жұмыстар жүргізілуде", - делінген ведомство хабаорламасында.

Сонымен қатар, өндіруші зауыттарға қондырғылар, оның ішінде реакторлық аппараттар, компрессорлар мен ксилол рециклі колоннасын жеткізге тапсырыс берілген.

Қазіргі кезде 948 бірлік қондырғы сатып алуға келісім жасалған. Жалпы, барлығы 1138 бірлік әртүрлі қондырғы сатылып алынбақшы.

Хошиісті көмірсутегін өндіретін кешеннің құрылысы бензол мен параксилолдың қосылған құны жоғары өнімін алуды жолға қоюға, технологиялық қуатты қайта құруға мүмкіндік береді, Қазақстанды сапалы мотор отынымен және мұнай химиясы шикізатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұнай өнімдері экспортының сапасын жақсартады. Жобаны 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны