14.01.2014, 19:16 3118

Атырау облысында 2013 жылы 411 ауыл кәсіпкері 1 млрд теңгеден астам несие алды

Мал шаруашылығын дамыту бағытында 195 өтініш берушіге 666 бас жылқы, 810 ірі қара мал, 148 бас түйе, 1700 ешкі-қой мен 1200 құс пен 100 қоян сатып алу үшін 426 млн теңге несие берілді.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау облысында 2013 жылы 411 ауыл кәсіпкері 1 млрд теңгеден астам несиеге ие болды. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Атыраудағы филиалы облыстағы көптеген село тұрғындарының өз кәсібін бастауға көмектесуде, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Аталмыш қордың Атыраудағы филиал басшысы Гулзада Шалагулованың хабарлауынша, 2013 жылы 411 ауылдық тұрғын 1 млрд теңгеден астам несие алды. Бұл қаржы бұрынғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқанын көрсетіп отыр. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" өзіне қарасты бағдарламаларды орындауда. Мысалға, "Бизнес аймақ" бағдарламасы бойынша 41 ауылдық 173 млн теңге несие алды. "Кәсіпкер" бағдарламасы бойынша 16 кәсіпкерге 57 млн теңге несиелік көмек көрсетті. "Ауылдық микронесиелеу" бағдардамасы 34 ауылдық тұрғынға жеке ісін жүргізу үшін 30 млн теңге қаржымен көмектесті", - делінген хабарламада.

Қор аймақтық өкілеттік орган болғандықтан мемлекеттік бағдарламалардың орындалысына қатысады. "Жұмыспен қамту 2020" бойынша 278 адамға 600 млн теңге несие берілді. Мал шаруашылығын дамыту бағытында 195 өтініш берушіге 666 бас жылқы, 810 ірі қара мал, 148 бас түйе, 1700 ешкі-қой мен 1200 құс пен 100 қоян сатып алу үшін 426 млн теңге несие берілді.

Өсімдік шаруашылығын дамытуда 4 ауылдық 10 млн теңгемен қаржыландырылды. Жеке кәсіпкерлікті дамытуда 79 ауыл тұрғыны 195 млн теңге несие алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны