22.01.2014, 19:28 4826

Атырау облысында 2013 жылы инвестиция көлемі 1 трлн-нан астам теңгені құрады

"2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1037,6 млрд. теңгені құрады, бұл республика деңгейі көлемінің 17,1% құрайды", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау облысында 2013 жылдың 12 айы бойынша инвестиция көлемі 1 трлн-нан астам теңгені құрады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1037,6 млрд. теңгені құрады, бұл республика деңгейі көлемінің 17,1% құрайды", - делінген хабарламада.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте Атырау облысының өндірілген жалпы өңірлік өнімі 2608,3 млрд. теңгеге жетті, бұл еліміздің жалпы ішкі өнім көлемінің 11,2% құрады. Сондай-ақ, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 4581 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш республика деңгейінің 25,2% құрайды. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің басым көлемі, яғни 92,9% кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметіне келеді.

"Атырау облысы орташа айлық жалақының шамасы бойынша еліміздегі алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. 2013 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 230180 теңгені құрады немесе республика деңгейіндегі жалақыдан 1,7 есе жоғары", - деп жазылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны