27.01.2010, 14:39 3331

Атырау облысында Аgip KCO консорциумының жеті мыңдай жұмыскерді қысқартпақ ниетіне жауап ретінде шаралар кешені дәйектелді

Атырау облысында Аgip KCO консорциумының жеті мыңдай жұмыскерді қысқартпақ ниетіне жауап ретінде шаралар кешені дәйектелді

Атырау. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында Аgip KCO консорциумының "Болашақ" зауытының құрылысына жұмылдырылған жеті мыңдай жұмыскерді қысқартпақ ниетіне жауап ретінде шаралар кешені дәйектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма бастының орынбасары Гүлмира Мүсілімованың айтуынша, өткен жылдың аяғында облыстық әкімдікке "Болашақ" зауытында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты қысқартулар жүргізілетіндігі туралы хат келді.

"Қысқартулардың шарықтау шегі күз маусымына дөп келеді деп күтілуде, Қарабатандағы ондаған компания құрылыс жұмыстарын дәл осы мерзімде ресми түрде аяқтайды. Іс жүзінде жеті мың адам деген сан асыра сілтеушілік болуы да мүмкін, өйткені, көптеген компаниялар Agip KCO жобаларынан кеткенімен, жұмысшыларын қысқартпай, оларды басқа нысандарға жіберуде. Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына "Болашақ" зауытында жұмыс істеп жатқандарды, компаниялардың өз ішіндегі ауыстыруларды және Agip KCO келтірген мәліметтерді өз бетімен бақылауға мәжбүр болуда, өйткені, соңғысы тек жобадан қанша компанияның кеткені жайлы ғана ақпаратты береді", - деді Г. Мүсілімова.

Г. Мүсілімованың айтуынша, "жағдайды қиындатып отырған тағы бір себеп, қазір Agip KCO корпорациясы жүргізіп отырған "Болашақ" зауытын салу жобасына 65 мердігерлік ұйым тартылған".

Бұдан бұрын БАҚ-тарда хабарланғанындай, осы тектес оқиға "Теңізшевройл" ЖШС-інде де болған, онда 2008 жылы екінші буын зауытының құрылысы аяқталуға байланысты 17 мың адам қысқартылды. Г. Мүсілімованың айтуынша, солардың ішінен небәрі 3 мың адам ғана іс жүзінде қысқартылған. Сол кезде басшылық қысқартылған мамандарды "Болашақ" зауытын салу жобасына жіберу арқылы проблеманы шешкен. Ал қазір өңірде бірнеше мың құрылысшы қажет болатын жаңа жобалар әлі басталған жоқ. "Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды аяқтау және мұнайхимиялы кешен құрылысы секілді аса ірі инвестициялық жобалар басталады деп күтілуде. Бұл нысандар дегенмен, әзірге мамандарды қабылдай алмайды", - деді Г. Мүсілімова.

Оның айтуынша, "осы проблеманы шешу үшін қазір жергілікті билік мамандардың бір бөлігін республикадағы стратегиялық жобаларға тарту жөнінде салалық министрлікке хат жазып отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны