23.07.2014, 19:22 9766

Атырау облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,4%-ға өсті

2014 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 14982,8 млн. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,4% өсті, -деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 14982,8 млн. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,4% өсті, -деп облыс әкімдігінен хабарлады.

2014 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 24976,4 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,8% артты.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2014 жылғы 1 шілдеге 10626 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,8% көбейді. Сәйкесінше, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тіркелген шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 4,7% көбейіп, 7702 бірлікті құрады. Белсенді заңды тұлғалар саны дәл осы кезеңде 3968 бірлік, ал белсенді шағын бизнес субъектілері (заңды тұлғалар) - 2261 бірлікті құрады.

"2014 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2570097 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,5% кем. Өңдеу өнеркәсібінде - 0,4% өндіріс өсімі байқалды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда - 6,5%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 5,1%, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда - 2,7% өндіріс төмендеуі байқалды", - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны