26.05.2014, 21:11 4074

Атырау облысында шұбат пен қымыз өндіретін кешен ашылды

Кешенде тәулігіне 210 литр шұбат, 1800 литр қымыз өндіру және жылына 1080 кг жылқы, 735 кг түйе етін өндіру жоспарланған. Қазір 150 литр шұбат пен 60 литр қымыз ғана шығара бастады. Бүгіннен бастап 25 адам толық жұмыспен қамтылады. Болашақта тауар көлемін арттырып, оны Ресейге, алыс шет елдерге шығару - ойдағы іс.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Атырау облысының Индер ауданында қымыз бен шұбат өндіретін кешеннің тұсаукесері өтті.

Кешеннің бас инженері Мұхит Көшербаев облыс басшысына өндіріс барысын таныстырды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Кешенде тәулігіне 210 литр шұбат, 1800 литр қымыз өндіру және жылына 1080 кг жылқы, 735 кг түйе етін өндіру жоспарланған. Қазір 150 литр шұбат пен 60 литр қымыз ғана шығара бастады. Бүгіннен бастап 25 адам толық жұмыспен қамтылады. Болашақта тауар көлемін арттырып, оны Ресейге, алыс шет елдерге шығару - ойдағы іс.

Қожалық алған несиесіне 142 жылқы және 40 бас түйе сатып алса, "КазТехПром-Сервис" ЖШС арқылы қымыз, шұбат құятын қораптарды дайындайтын қондырғыларды да алыпты.

Қымыз бен шұбат арнайы бір тонналық бөлек-бөлек қазанға жиналады да, содан соң өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген температурада қыздырылып, қайта суытылады.

Осы жерде арнайы зертханада өнімнің сапасы тексеріліп барып, бір литрлік құтыға құйылады. Бұл жұмыстың бәрі автоматты түрде жүріп отырады. Негізінен кешен ресейлік және италияндық технологиялармен жабдықталған.

"Елбасының тапсырмасына орай қазір ауыл шаруашылығымен шұғылданамын деушілерге барлық жағдай бар. Бұл сала қазір табыстың көзіне айналып отыр. Өзгенің өніміне көз сатпай Атырау өңірінде мал өсіріп, егін салып, өз өнімімізді шығаруымыз керек", - деді аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны