04.01.2013, 11:08 3222

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай өңдеу қалпына келтірілді

"Теңізшевройл" ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс бойынша бас менеджері Ырзабек Артығалиевтің хабарлауынша, кен орнындағы мұнай өңдеу көлемі 70-75 мың тоннаны құрайтын орташа тәуліктік көлемнің 75 пайызына жетіп қалды.

Астана. 4-қаңтар.Kazakhstan Today - Атырау облысындағы Теңіз кен орнында бейсенбі күні электр энергиясының өшірілуі салдарынан тоқтап қалған мұнай өңдеу қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Теңізшевройл" ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс бойынша бас менеджері Ырзабек Артығалиевтің хабарлауынша, кен орнындағы мұнай өңдеу көлемі 70-75 мың тоннаны құрайтын орташа тәуліктік көлемнің 75 пайызына жетіп қалды.

"Екінші буын зауыты іске қосылды және жақын уақытта жұмыс режіміне шығарылады. Ілеспе газды жүктеу бойынша жабдықтарды қосу жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Ы.Артығалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны