17.01.2014, 19:25 4977

Атырау облысының кеденшілері 2013 жылы жоспарды артығымен орындады

"2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған тапсырма 263 млрд 208 млн 151 мың теңге болса, жыл қорытындысында аталмыш көрсеткіш 275 млрд 887 млн 695 мың теңгені құрап, жоспардан 104,82% артық көрсеткішке жеткен", - делінген хабарламада.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті 2013 жылы бюджетке 275 млрд 887 млн 695 мың теңге кіріс кіргізіп, жылдық жоспардың 104,82%-ын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған тапсырма 263 млрд 208 млн 151 мың теңге болса, жыл қорытындысында аталмыш көрсеткіш 275 млрд 887 млн 695 мың теңгені құрап, жоспардан 104,82% артық көрсеткішке жеткен", - делінген хабарламада.

2012 жылдың осы уақыт аралығында бюджетке кіріс көлемі 2013 жылдың қорытындысына 63 млрд 716 млн 597 мың теңге аз болған, яғни 30% кем.

Айта кету керек, Кедендік бақылаудың 16 аймақтық департаменті арасында бюджетке кіріс әкелген көрсеткіш бойынша Атырау облысы алда тұр. Осыған орай облыс департаментінің жалпы облыстардың ішіндегі үлес салмағы 20,6% құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны