06.06.2012, 11:05 2927

Атырау облысының шаруа қожалықтары лизингке тракторлар сатып алды

Атырау облысының шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалардың кезекті партиясын алды.

Атырау. 6-маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысының шаруа қожалықтары лизингке тракторлар сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау облысының шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалардың кезекті партиясын алды.

Бұл туралы "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов мәлім етті.

Облыстың сегіз шаруашылығы "ҚазАгроҚаржы" желісі бойынша лизингке шөп шабу мен тасуға қажетті техника сатып алды. Иңгіме өндірісі қазақстандық "СемАЗ" машина жасау кәсіпорынында жөнге салынған "Беларус 80.1" және "Беларус 82.1" тракторлар жөнінде болып отыр. Имбебап тракторларды сатып алуға "ҚазАгроҚаржы" Атырау шаруашылықтарын 3-7 жыл мерзімге жылдық 8 пайыз шартымен қаржыландырды.

Бұдан басқа, облыстың тоғыз шаруашылығы шөп шабу науқанына арнап, лизингке ПРФ-145 пішен-тайлауыштарын сатып алды. Тұрақты сығымдау камерасы бар пішен тайлауыштар шөп, сабан дестелерін іріктеуге, оларды кейін шпагат жіппен орай отырып, рулондарға сығымдауға арналған. Жабық типтегі сығымдау камерасын қолдану есебінен аталмыш типтің пішен-тайлауыштарының жемшөп шығыны төмен.

Бұдан бұрын отандық лизингтік компания аймақ шаруашылықтарына жемшөп дайындауға, сондай-ақ мал тасымалдауға байланысты жұмыстарды жүргізу үшін шаруаларға қажетті УАЗ 390945-310 "Фермер" автомашиналар партиясын жеткізіп берген болатын.

Жалпы, 2005-2012 жылдар ішінде "ҚазАгроҚаржы" компаниясы Атырау облысының АӨК-не 1,4 млрд. теңгеден артық қаржы инвестициялады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жалпы құны 769 млн. теңгеге 432 бірлік техника сатып алуға қаржыландырды.

"СемАЗ" өндірісінің "Беларус" тракторларына қатысты "ҚазАгроҚаржы" биылғы жылдың басынан бастап, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктеріне 1,8 млрд. теңгеге шамамен 500 бірлік техника сатып алғанын айтып кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны