15.05.2014, 23:00 3113

Атырауда ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақтандыру қорын құруға 400 млн теңге бөлінген

"Былтырғы жылдағыдай ауыл шаруашылығы өнімдері тұрақтандыру қорына фьючерлік келісім-шарт бойынша алынады. Қыс уақытына дейін өнімдерді сақтайтын қоймаға жалпы 5,5 мың тонна көкөніс пен картоп сақталуға жіберіледі", - деді Атырау "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" басшысы Абат Тасимов.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Атырау облысында ауылшаруашылық өнімдерін тұрақтандыру қорын құруға бюджеттен 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

"Былтырғы жылдағыдай ауыл шаруашылығы өнімдері тұрақтандыру қорына фьючерлік келісім-шарт бойынша алынады. Қыс уақытына дейін өнімдерді сақтайтын қоймаға жалпы 5,5 мың тонна көкөніс пен картоп сақталуға жіберіледі", - деді Атырау "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" басшысы Абат Тасимов.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жалпы жергілікті шаруашылықтардан 4 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 200 тонна капуста және 50 тонна қызылша сатып алынбақ.

Айта кетейік, Атырау облысындағы азық түлікті тұрақтандыру қоры құрылғалы жергілікті атқарушы билік органдары қыс уақытында картоп және көкөніс өнімдері бағаларынының күрт өсуіне жол бермеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны