05.03.2013, 17:49 3460

Атырауда екі зауыт салынады

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім еткендей, өңірде "Тұз" ЖШС натрий гипохлориді өндірісі бойынша зауытын салу көзделуде. Жобаның құны 450 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорында 802 жұмыс орны құрылады.

Атырау. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында 2013 жылға Индустрияландыру картасына 6,5 млрд. теңге көлемінде екі жоба енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім еткендей, өңірде "Тұз" ЖШС натрий гипохлориді өндірісі бойынша зауытын салу көзделуде. Жобаның құны 450 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорында 802 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ құбыр өткізу арматурасын өндіру бойынша зауыт салынады. Аталмыш жобаның құны 6 млрд. теңгені құрады. Зауытта 75 адам жұмыспен қамтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны