07.12.2016, 17:25 4110

Атырауда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен Қазақстандағы бірінші теӊіз кен орны болып табылатын Қашаған ресми таныстырылды

2016 жылдыӊ 1 қарашасында Қашағанда өндіру тәулігіне 75 мыӊнан астам баррель мұнай коммерциялық деӊгейге жетті. Қазіргі уақытта өндірудіӊ деӊгейін арттыру және оны тәулігіне 180 мыӊ баррель деӊгейінде тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Атырау. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырау қаласында 2016 жылдыӊ 7 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен әлемдегі еӊ ірі кен орындарыныӊ бірі және Қазақстандағы бірінші теӊіз кен орны болып табылатын Қашаған ресми таныстырылды,- деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

2016 жылдыӊ 1 қарашасында Қашағанда өндіру тәулігіне 75 мыӊнан астам баррель мұнай коммерциялық деӊгейге жетті. Қазіргі уақытта өндірудіӊ деӊгейін арттыру және оны тәулігіне 180 мыӊ баррель деӊгейінде тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 1 млн.тонна мұнай және 680 млн.м3 газға жуық, 2017 жылы - 8,9 млн. тонна мұнай және 5,6 млрд. м3 газ өндіру жоспарлануда. Келесі жылдары жылына 13 млн.тонна мұнай және 9 млрд. м3 газға дейін өндіруді арттыру жоспарлануда.

Қашағанды игерудіӊ нәтижесінде әлемдік стандарттарға сай келетін отандық теӊіз сервистік инфрақұрылымы салынды: "Ерсай" (Құрық п.) және "Каспиан Оффшор Марин Констракшн" (Ақтау теӊіз порты) ауыр тонналы металл құрастырылымын шығару бойынша зауыттар салынды; Баутин портында кеме жөндейтін зауыты салынды; теӊіз операцияларын қолдау базасы (Баутин порты), мұнай төгілуіне ден қою базасы және өзге де объектілер құрылды.

Шлюмберже, Сименс, Энерджи Вуд Групп, Сайпем секілді халықаралық компаниялар өз білімдері, технологиялары және тәжірибелерімен кірген 70-ге жуық бірлескен компаниялар/ әріптестіктер құрылды.

"Қазіргі кезде Қашаған жобасында Қазақстан иелігіндегі үлесі 50%-дан астам 274 компания жұмыс жасайды. 180 аса қазақстандық компания оқудан өтіп, халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды. Илеуметтік жауапкершілік аясында Консорциум Маӊғыстау және Атырау облыстарыныӊ әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 500 млн. АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Осы жылдар ішінде төмендегілер салынды: 49 білім мекемесі (мектептер, балабақшалар); 30 медициналық мекеме (ауруханалар, емханалар, ауылдық дәрігерлік пунктілер); 68 инфрақұрылым объектісі (қалалар мен ауылдарды газдандыру, жолдар салу); 8 мәдени объекті (клубтар, мәдениет үйлері); 12 спорт объектісі (стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері)",- делінген хабарламада.

Бүгін Ақорда хабарлағандай, Елбасы жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

"Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына келді. Мемлекет басшысыныӊ мұнай саласы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында телекөпір ұйымдастырылып, ірі нысандардыӊ жұмыс барысы таныстырылады және мұнай-газ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентініӊ ірі мұнай компаниялары жетекшілерімен кездесуін өткізу көзделіп отыр",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны