21.06.2010, 11:13 1918

Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысы ҚДБ кінәсінен кешеуілдейді

Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысы ҚДБ кінәсінен кешеуілдейді

Атырау. 21-маусым. Kazakhstan Today Атыраудағы газ-химия кешенінің құрылысы Қазақстан Даму Банкінің кінәсінен болып кешеуілдейді. Бұл туралы Agip KCO, North Caspian Operating Company және "Теңізшевройл" компанияларының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және келісім міндеттерін сақтау жөніндегі мәселелерге қатысты өткен жиналыс барысында "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Т. Құлыбаевтің пікірінше, "бұл нысанның жұмысы дер кезінде қаржыландырылса, осы көктемнің соңына қарай басталуға тиіс болатын. Жобаны жүзеге асыру ҚДБ кінәсінен кешеуілдейді. Ал аталмыш банкке бюджеттен тиісті қаржы екі жыл бұрын бөлінген болатын".

ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев өз кезегінде "Қазақстан Даму Банкінің ақша бөлмегендігін бірқатар мәселелерге қатысты қателіктер кеткендігімен, соның ішінде кепілдік қажет болғандығымен" түсіндіріп өтті.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "бұл мәселеге қатысты "ҚазМұнайГаз" жиналыс өткізіп, кінәлілер жазаланатындығын" хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Атырауда полиэтилен мен полипропилен өндіретін газ-химия кешенін салу жоспарланған. Жобаның құны 6 млрд Ақш долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны