10.01.2023, 13:45 23651

Атырау МӨЗ сұйытылған газ, бензин және дизель отыны өндірісін азайтты

Атырау МӨЗ сұйытылған газ, бензин және дизель отыны өндірісін азайтты
Сурет: kmg.kz
Газ (СКГ) - тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензиндер - тәулігіне 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін, дизельді отын - тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін

Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сұйытылған газдың уақытылы тасып шығарылмауы себепті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-да каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды, деп хабарлайды "Атырау МӨЗ" ЖШС баспасөз қызметі.

"Атырау МӨЗ" ЖШС аймақтардағы газжелілік мекемелердің сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) дер кезінде тасып шығармауы (тасып шығару жұмыстары ҚР Энергетика Министрлігі бөлген көлемге сәйкес жүргізілуі тиіс) себепті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-де бос орын қалмағанын хабарлайды. Сәйкесінше, 2023 жылы 10 қаңтарында АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты", - деп хабарлады кәсіпорын.


АМӨЗ мәліметтері бойынша, бірқатар технологиялық қондырғылардың тоқтауы нәтижесінде "Атырау МӨЗ" ЖШС келесідегідей мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтты:

сұйытылған көмірсутек газ (СКГ) - тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін;

автобензиндер - тәулігіне 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін;

дизельді отын - тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде бекітілген өндірістік жоспардан ауытқымау мақсатында "АМӨЗ" ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктерін ҚР Энергетика министрлігінің бөлу жоспарына сәйкес "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нен СГК-ны тасып шығару жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды:

• Ақтөбе облысы - 464 тонна

• Қызылорда облысы - 1 977 тонна

• Қостанай облысы - 3 683 тонна

• Батыс-Қазақстан облысы - 3 589 тонна.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында АМӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны