07.08.2020, 16:21 4908

Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не айыппұл салынды

Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-і әкімшілік жауапкершілікке тартып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 4 444 800 (төрт миллион төрт жүз төрт мың сегіз жүз) теңге айыппұл салды.

"Магистральдық Суағызғысы"" ЖШС-і "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-ы суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру реттелетін қызметіне бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамауға жол берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны