Система Orphus

Атырау облысының 2 079 салық төлеушісі салық бойынша рақымшылық жасау мүмкіндігін пайдаланды

18.11.2019, 18:55 41365

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Атырау облысының кәсіпорындары салық бойынша 1,5 млрд. теңге қарызын өтеді.

Атырау облысының 2 079 салық төлеушісі салық бойынша рақымшылық жасау мүмкіндігін пайдаланды. Олар 1,5 млрд.теңге сомасында бересіні төледі, олар бойынша 321,3 млн. теңгеге өсімпұл есептен шығарылды.Жалпы республика бойынша негізгі борыш бойынша 42 551 салық төлеуші жалпы сомасы 13,9 млрд.теңгеге өз қарыздарын төледі, олар бойынша 4,8 млрд. теңге сомасына өсімпұлдар мен 294,7 млн. теңге сомасына айыппұлдар есептен шығарылды.

Бұл туралы Атырауда өткен салық төлеушілермен өткен семинар барысында белгілі болды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкербаевтың айтуынша, салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңберін кеңейту аясында жеке шоттарды жүргізу ережесіне енгізілген толықтыруларға байланысты бүгінгі күні 2,2 млрд.теңге сомасына 1 792 салық төлеушіге өсімпұлдар, сондай-ақ 5,7 млрд. теңге сомасына бересіні төлеуге байланысты 132,9 млн. теңге сомасына айыппұлдар есептен шығарылды.

Сонымен қатар, ол Атырау облысы бойынша 96,1 млн.теңге сомасында бересіні төлеуге байланысты 48,4 млн. теңге сомасында 46 салық төлеуші бойынша өсімпұлдар есептен шығарылғанын атап өтті.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша 90 077 шағын және орта бизнес субъектісінде салық берешегі бар, оның 3 696-ы немесе 4,1%-ы- Атырау облысының кәсіпкерлері.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтары бойынша негізгі борыш 2018 жылғы 1 қазанға 210,4 млрд.теңгені (оның ішінде Атырау облысы бойынша - 9,4 млрд. теңге немесе 4,5%), есептелген өсімпұлдар - 122,9 млрд. теңгені (оның ішінде Атырау облысы бойынша - 4,6 млрд. теңге немесе 3,7 %), айыппұлдар бойынша берешек сомасы - 7,3 млрд. теңгені (оның ішінде Атырау облысы бойынша - 0,2 млрд. теңге немесе 2,7%) құрады..

Ж. Инкербаев қатысушылардың назарын бересі төленген салық түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептен шығарылуына аударды.

Ол сондай-ақ салықтық рақымшылық жасауға жатпайтын салық төлеушілер санатының тізімін келтірді:

- мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- жер асты суларын, емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратындардан басқа жер қойнауын пайдаланушылар;

- акцизделетін өнім өндірушілер;

- кәсіпкерлік қызметпен немесе жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғалар.

Естеріңізге сала кетейік, салықтық рақымшылық тақырыбындағы семинарлар бұрын Нұр-сұлтан қаласында, Алматы қаласында, сондай-ақ ШҚО мен Шымкентте өткізілген болатын.

Анықтама:

Салықтық рақымшылық 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотында бересі бар, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар мен айыппұлдар бар салық төлеушілерге қолданылады.

Салық төлеуші өз борышының сомасын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында және "электрондық үкімет" порталында өткізілген "салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер" сервисі арқылы біле алады.

Бұдан басқа, Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші бір жұмыс күні ішінде салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық органдары беретін жеке шоттан үзінді көшірмені ала алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны