17.01.2014, 19:27 5825

Иуе қозғалысына қызмет көрсету органдары ИКАО стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өткізіледі

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамсыздандыру мақсатында Иуе қозғалысына қызмет көрсету мен ұшуды қамтамасыз етуші радиотехникалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын қызметтерді сертификаттау ережелері қолданысқа енді, деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамсыздандыру мақсатында Иуе қозғалысына қызмет көрсету мен ұшуды қамтамасыз етуші радиотехникалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын қызметтерді сертификаттау ережелері қолданысқа енді, деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Бұл қызметтер әуе қозғалысын реттейді, ұшу қауіпсіздігін және тиімділігін қамсыздандыратын қажет ақпаратты береді. Енгізілудегі Ережелер өз кезегінде қызметтерге сертификаттау қағидаларын белгілеп, сертификатты беру, уақытша тоқтату және қайтару тәртібін анықтайды.

Сертификаттау ережелері Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) сарапшыларын іске тарту арқылы Азаматтық авиация комитетімен (ААК) әзірленгенін және ИКАО стандарттарының талаптарынан басқа Еуробақылау сияқты еуропалық халықаралық авиациялық ұйымдар жинақтаған озық тәжірибелерді қосқанын белгілеген жөн.

"Сертификаттауды және оның қағидаларының бұзылмауын тұрақты бақылауды ААК Аэронавигация басқармасының арнайы оқудан өткен инспекторлары жүзеге асырады", - деп, хабарлады ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

2013 жылы Азаматтық авиация комитетінің барлық басқармалары бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын 40 білікті мемлекеттік инспекторлармен жасақталғанын еске саламыз.

Бұл шаралар басқа шаралар қатарында ИКАО-ның 2009 жылғы аудит қорытындылары бойынша ескертулерді жоюға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны