20.07.2018, 19:10 5646

Ауған компаниялары қазақстандық ұн, макарон өнімдерініӊ импортына қызығушылық танытуда

Атап айтқанда, ауған компаниялары қазақстандық өндіріс ішінен ұн, макарон өнімдері, трансформатор және тағы да басқа тауарлардыӊ импортына қызығушылық танытты.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы KabulStar отелінде Қазақстан мен Ауғанстанныӊ ресми өкілдерініӊ қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өткізілді.

Қазақстандық бизнес делегация тағам, өнімдері, энергетикалық, құрылыс-монтаж бен жөндеу-сервис салаларынан келді. Ауған тарапынан сол бағыттағы 40-тан астам компания қатысты.

Атап айтқанда, ауған компаниялары қазақстандық өндіріс ішінен ұн, макарон өнімдері, трансформатор және тағы да басқа тауарлардыӊ импортына қызығушылық танытты.

Сауда-экономикалық миссияныӊ ресми делегациясын Қазақстан Республикасыныӊ Ауғанстандағы Елшісі А.О.Есенгелдиев, Ауғанстанныӊ ауыл шаруашылығы министрініӊ орынбасары мен Энергетика және су ресурстары министрініӊ орынбасары басқарды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша министрлігі, Қазақстан Республикасыныӊ Ауғанстан Елшілігі, "Атамекен" кәсіпкерлердіӊ ұлттық палатасы,Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы, Ауғанстан сауда-өндіріс палатасы.

Анықтама:Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы (ҚСП)2014 жылдыӊ 29 шілдесінде құрылған және "Атамекен" Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ еншілес компаниясы болып саналады.

Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасыныӊ алдына қойылған негізгі міндет - сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны