08.06.2009, 11:49 1592

Ауыл дағдарыстың ықпалын сезінген жоқ - премьер-министр

Ауыл дағдарыстың ықпалын сезінген жоқ - премьер-министр

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл дағдарыстың ықпалын сезінген жоқ. Бұл туралы бүгін президенттің қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Биыл барлық дағдарыстарға қарамастан, ауыл дағдарыстың ықпалын сезінген жоқ. Барлығына қаржы бөлінді", - деді премьер-министр.

"21 млн гектардан астам аумаққа тұқым себілді, оның барлығы біз бөлген ресурстарға жүзеге асырылды, егістік науқаны табысты болды", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенді қолдау көлемі 93 млрд теңгеден асты, 403 субъектіге жалпы көлемі 55 млрд астам теңгенің несиесі берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны