10.07.2012, 18:59 2846

Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан бастап бидайға экспорттық субсидияны тоқтатуы мумкін

Бұндай шешімге негізінен әлемдік және ішкі нарықтағы астық бағасының жоғарылауы себеп болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылғы шілде айының алғашқы онкүндігінде үшінші сұрыпты бидай бағасы 155 АҚШ долларын құраған. Ал қаңтар айында бұл көрсеткіш 124 доллар болған еді.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан бастап бидайға экспорттық субсидияны тоқтатуы мумкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.

Бұндай шешімге негізінен әлемдік және ішкі нарықтағы астық бағасының жоғарылауы себеп болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылғы шілде айының алғашқы онкүндігінде үшінші сұрыпты бидай бағасы 155 АҚШ долларын құраған. Ал қаңтар айында бұл көрсеткіш 124 доллар болған еді.

Қазіргі кезде "Азық- түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ үшінші сұрыпты бидайды тоннасына 21 мың теңгеден сатып алуда.

"Осының барлығы қазақстандық астыққа деген сұраныстың жоғарылауына, оның сату рыногына оң әсер етеді. Демек, астық экспорты кезіндегі тасымалдау шығындарын субсидиялауды одан әрі жалғастыру өзектілігін жоғалтады. Осыған орай, ҚР АШМ экспорттық субсидиялауды ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап тоқтатуы мүмкін", - дейді "Ауыл шаруашылығы кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы" ЖШС директоры Сағынтай Жұмажанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны