20.04.2010, 11:23 1539

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсу жағдайын қатаң бақылауға алуы қажет - Айтжанова

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсу жағдайын қатаң бақылауға алуы қажет - Айтжанова

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсу жағдайын қатаң бақылауға алуы қажет. Бұл туралы бүгін ҚР үкіметінің отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін, келесі міндеттемелерді іске асыру қажет. Бірінші міндеттеме - ол биылғы жылға 6 мен 8 пайыз арасында болжаланған коридордағы инфляция деңгейін қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан инфляциялық процесстерді реттеуге арналған шараларды екі жылға жоспарлау тәжірибесін қайта бастау қажет",- деді ол.

"Осы орайда атап өтетін жағдай үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуі есебінен, сезондық фактор және сыртқы конъюнктураның ықпалы себебінен орын алып отыр. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсіп отырған жағдайын қатаң бақылауға алуы қажет",- деді министр.

Ж.Айтжанованың айтуынша, "екінші міндеттеме - ұлттық экономикада инвестициялық белсенділіктің ұлғаюына жағдай жасау керек.

Үшінші міндеттеме - ол осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істеп отырған Кедендік одақтың нормативтік құқықтық базасын дайындау щеңберінде ұлттық экономикамыздың мүддесіне сәйкес жұмыс істеу болып табылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны