22.05.2008, 16:06 3091

Ауыл шаруашылығы министрлігі республика аясындағы сүт өңдеу көлемін 2011 жылға қарай 60 пайызға дейін жеткізуді ойластырып отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі республика аясындағы сүт өңдеу көлемін 2011 жылға қарай 60 пайызға дейін жеткізуді ойластырып отыр

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі республика аясындағы сүт өңдеу көлемін 2011 жылға қарай 60 пайызға дейін жеткізуді ойластырып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында министр Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз егер сүт тауарлары фермаларын құру жобасы сәтті жүзеге асырылатын болса, 2009 жылы ел ішінде сүттің 40 пайызын, ал 2011 жылы 60 пайызын өңдеуді жоспарлап отырмыз", - деді А. Күрішбаев қазіргі уақытта Қазақстана сүттің тек 29 пайызы ғана өңделетінін әңгімелей отырып.

Ол Қазақстанда ет-сүт өнімдерін өңдеудегі басты проблема малдың 90 пайызы жеке қолда тұрғандығымен байланысты екенін еске салды. "Сондықтан, біз өндірістік мал шаруашылығына, сүт тауарларының фермаларын, ірі және орта ет өңдеу кәсіпорындарын, мал бордақылайтын алаңдар ұйымдастыруға тезірек көшуіміз керек", - деп есептейді министр.

Ол өткен жылы Қазақстанда заманауи 2 сүт тауарларының фермалары ұйымдастырылғанын және биыл сондай тағы 6 ферма салу жоспарланып отырғанын еске салды. "Республиканы сапалы сүтпен қамтамасы еету үшін біз 30 мың бас малы бар осындай 20 ферма салу керек. Егер біз осы санға дейін жете алсақ, қайта өңдеу кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін 1,5 млн тонна сүтті жыл сайын қосымша өндіретін боламыз . Сөйтіп, біз сыртқы нарыққа тәуелділіктен құтыламыз", - деп атап көрсетті А. Күрішбаев.

Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы министрі қазіргі уақытта елде жыл сайын еттің тек 25 пайызы ғана өңделетінін еске салды. "Егер де біз мал семіртетін алаңдарды дамытатын болсақ, етті экспорттауға мүмкіндік аламыз. Оның ішінде жыл сайын Бразилия мен Аргентинадан 2 млн тонна ет импорттайтын Ресей де бар", - деді ол.

"Мұндай нарық жанымызда тұрғанда біз бұл әлеуетті пайдаланып қалуымыз керек. Міне, сол үшін мал семіртетін алаңдар құрылуда", - деп толықтырды А. Күрішбаев. Ол сондай-ақ, Қазақстанда биыл осындай 2 алаң құрылатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны