14.02.2014, 19:51 20555

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиімді жер нарығын құру бойынша шаралар әзірледі

"Озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттерді қарастыратын ашық баға белгілеу және инвестициялар тарту принциптерінде тиімді жер нарығын құру қажет. Аталған мәселені шешу үшін министрлік алқаптар тарихы кітабын жасау, жерлерді рационалды пайдалану ережелерін бекіту сияқты бірқатар жүйелі шаралар жасады", - деді А. Евниев.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ашық баға белгілеумен тиімді жер нарығын құру бойынша шараларды жасады, деп хабарлады АШМ жауапты хатшысы Арман Евниев ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруға арналған Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында.

"Озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттерді қарастыратын ашық баға белгілеу және инвестициялар тарту принциптерінде тиімді жер нарығын құру қажет. Аталған мәселені шешу үшін министрлік алқаптар тарихы кітабын жасау, жерлерді рационалды пайдалану ережелерін бекіту сияқты бірқатар жүйелі шаралар жасады", - деді А. Евниев.

Оның айтуынша, бұл шаралар әкімшілік түрде жерді пайдаланушыларды жерді рационалды пайдалануға мәжбүрлейді, алайда жер иелерінің жерді максималды тиімді пайдалануға экономикалық қызығушылық мәселесін шешпейді.

"Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру жоспарланған. Сондай-ақ, озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, үздік әлем стандарттарын енгізу бойынша міндеттерді қарастыратын ауыл шаруашылығына пайдаланаттын жерді мақсатты жалдау жүйесін құру қарастырылған", - деп толықтырды жауапты хатшы.

Ол сондай-ақ, АШМ 2014 жылдың бірінші жартысында "Агробизнес 2020" бағдарламасын және ҚР Президенті Жолдауында қойылған міндеттерді ескере отырып, басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түзету күтілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін түсімділікті, сауынды және салмақ өсімін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану, субсидиялар нормативтерін арттыру қарастырылған.

Мемлекет басшысы өңірлер әкімдерімен кеңес өткізді, онда облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарды жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ күнделікті тұтынатын тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Облыстар әкімдері Қазақстан Президентіне тапсырмалардың орындалуы, соның ішінде өңірлерде маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны