06.02.2017, 18:49 4860

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық салу мәселесі ерекше бақылауға алынған - Айтуғанов

"Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жер салығы мен жер ресурстарын пайдалануға қатысты салынатын салықтан өзге, салық төлеу кезінде пайыздық жеӊілдіктер қолданылатын арнайы салық режимі таратылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жердіӊ болуы туралы талап қарастырылмаған", - деді Қ. Айтуғанов.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Фермерлерге екі есе салық салу туралы сыбысты ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сейілтті.

Вице-министрдіӊ айтуынша, ешқандай да екі есе салық салу туралы сөз қозғалған емес. Керісінше, ауылдағы кооперативтерге арналған жаӊа жеӊілдіктер енгізілді.

"Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жер салығы мен жер ресурстарын пайдалануға қатысты салынатын салықтан өзге, салық төлеу кезінде пайыздық жеӊілдіктер қолданылатын арнайы салық режимі таратылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жердіӊ болуы туралы талап қарастырылмаған", - деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, қайта құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ құрамына кіретін заӊды тұлғалардан арнайы салық режимі алынып тасталады.

"Ия, бұл солай. Бірақ, 2015 жылдан бастап аталған шаруашылықтардыӊ ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған көпшілік мақұлдаған режимін пайдалана алатынын есте сақтау керек. Ол 2015 жылдан бастап қолданыста. Көпшілік мұны біле бермейді", - деді вице-министр.

Аталған режим еӊбекті өтеу қоры бойынша екі есе есеп айырысуға ерік бере отырып, ҚҚС төлеген жағдайда 70 пайыздық жеӊілдік алуға мүмкіндік береді.

Қ. Айтуғановтыӊ айтуынша, ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономика министрліктері бүгінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық салу мәселесін қарастырып жатқан жұмыс тобын құрды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталған салық салу жүйесін мұқият зерттеуі туралы нақты уағдаластық бар.

Бұдан өзге, вице-министр жаӊа ветеринарлық зертханалар құру мәселесіне де түсінік беріп өтті. Бүгінде 114 жаӊа зертхана пайдалануға берілген. Олар республикалық ветзертханаға бағынады. 89 ескі нысан бағалаудан өтуде. Бір бөлігі бәсекелі ортаға жіберілген, бесеуін тізілімнен шығару туралы шешім қабылдануда. 12 ветеринарлық зертхананы әрі қарай пайдалану мәселесі қаралуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны