26.07.2017, 19:20 4691

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеушілерге субсидиялық қолдау көрсетіледі

Қайта өӊдеу картасына қатысты барлық сұрақтарды жүйелендірген, белсенді кәсіпорындар мен жаӊғыртуды талап ететін кәсіпорындарды санаған ғалымдар, бизнесмендер мен әкімдіктердіӊ қызметкерлерінен тұратын арнайы әлеуметтік жұмыс топ құрылды.

Астана. 26 шілде. ҚР Үкіметі отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы хабарлады.

Вице-министрдіӊ ақпараты бойынша, Қайта өӊдеу картасына қатысты барлық сұрақтарды жүйелендірген, белсенді кәсіпорындар мен жаӊғыртуды талап ететін кәсіпорындарды санаған ғалымдар, бизнесмендер мен әкімдіктердіӊ қызметкерлерінен тұратын арнайы әлеуметтік жұмыс топ құрылды. Сонымен 80-нен астам кәсіпорын жаӊғыртуды талап етеді: кейбіреулерінде технологиялық желілерді, кейбіреуінде - жабдықтарды алмастыру қажет.

"Кейбір кәсіпорындарда әлі күнге дейін 60-жылдардыӊ жабдықтары тұр, оларды міндетті түрде алмастыру қажет, себебі тұтынушылардыӊ азық-түлік өнімдері бойынша сұраныстары заманауи технологиялық жабдықтарда жасалуы қажет", - деді Р. Құрманов.

Қайта өӊдеу кәсіпорындарын жаӊғырту айналымдық және негізгі қаражаттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы Қайта өӊдеу картасыныӊ жобаларын қаржыландыруға тартуды көздейтін банктердіӊ ресурстары есебінен жүргізілетін болады. Барлығы жаӊғыртуға 2021 жылға дейін 226,9 млрд теӊге көлеміндегі несиелік қаражаттарды бағыттау көзделіп отыр. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 24 млрд теӊге бөлінетін болады. Айналымдық қаражат бойынша мөлшерлемелерді субсидиялау 4%-ды құрайды.

"Мысалға, қайта өӊдеу кәсіпорны айналымдық қаражаттарды толықтыру үшін 100 млн теӊге көлемінде несие алады. Қазір нарықтық мөлшерлеме 14%-ды құрайды. Яғни, кәсіпорын 100 млн теӊгеден бөлек, 14 млн теӊге сомасында сыйақы төлеуі тиіс. Мемлекет жаӊа жүйе бойынша аталған соманы 4%-ға арзандатады. Бұл дегеніміз, осы 14 млн теӊгеніӊ 4 млн-ын мемлекет төлейді, ал қалған 10 млн-ды кәсіпкердіӊ өзі төлейді. Қайта өӊдеу кәсіпорындары үшін бұл сома соншалықты көп емес", - деді ҚР АШМ вице-министрі.

Негізгі қаражат бойынша мөлшерлеме айналым қаражаттары бойынша мөлшерлемеге қарағанда жоғары және 16%-ды құрайды. Осыған байланысты мемлекет несиеніӊ жалпы сомасынан 10% субсидиялайды.

Айналым және негізгі қаражат бойынша мөлшерлемені субсидиялаудан бөлек мемлекеттік бюджеттен сондай-ақ 50 млрд-қа жуық инвестициялық субсидия бөлу қарастырылған. Мемлекет сыйақы мөлшерлемесін 25%-ға арзандатады.

Еске салсақ, бүгін Үкімет отырысында қайта өӊдеудіӊ 9 басымдықты түрлері бойынша әзірленген Аграрлық қайта өӊдеу картасыныӊ жобасы қаралды. Оныӊ ішінде, әр облыс бойынша, өӊірлер тұрғысында.

Картада үш жүйелі қағидат негізге алынған. Бұл - айналым қаражатын толықтыруға несиелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ кооперативтер арқылы шикізат жинауды ұйымдастыру есебінен 435 кәсіпорынныӊ қазіргі қуаттылықтарын барынша жүктеу; бәсекеге қабілеттілікті арттыру, және өндірістік алаӊдарды тиімді пайдалану үшін жұмыс істеп тұрған 80 кәсіпорынды жаӊғырту; негізінен шикізат бар, бірақ жұмыс істеп тұрған қайта өӊдеу кәсіпорындары қашықта орналасқан кішігірім өӊірлерде 79 қайта өӊдеу кәсіпорнын салу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны