27.03.2008, 18:34 3081

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету наурыз айының аяғында 60 пайызды құрады - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету наурыз айының аяғында 60 пайызды құрады - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Көктемгі тұқым себу жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету наурыз айының аяғында 60 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық саясат басқармасының бастығы Қайрат Коскин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылдың 25 наурызындағы жағдай боынша жанар-жағармаймен қамтамасыз ету төмендегідей: дизельдік жанармай - 206 мың тонна (62,4%), дизель майы - 13,3 мың тонна (67,4%), бензин 30,6 мың тонна (58,4%)", - деді Қ. Коскин.

Ол республикадағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің 2008 жылғы тұқым себу жұмыстарын жүргізу кезіндегі жанар-жағармайға деген қажеттілігі 330 мың тонна дизельдік жанармай, 19,8 мың тонна дизель майы, 52,4 мың тонна бензинді құрайтынын еске салды.

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді дер кезінде дизель отынымен қамтамасыз ету үшін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып облыстар мұнай өңдеу зауыттарына шартты түрде бөлінді", - деп еске салды Қ. Коскин.

Оның айтуынша, негізгі мұнай өнімдерінің ресурсын ұстаушылар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді көктемгі тұқым себу науқаны кезінде 1 наурыздан 31 мамырға дейін белгілі бір бағамен кепілдендірілген дизельдік отын көлемімен қамтамасыз ету бойынша өздеріне міндеттеме алды. Бұл жерде "Павлодар мұнай химия зауыты" АҚ беретін жанармай құны тоннасына 625 АҚШ долларын құраса, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС тоннасына 600 АҚШ долларымен, ал "Петроқазақстан Ойл Продактс" ЖШС тоннасына 595 АҚШ долларымен сатады.

Қ. Коскин 2008 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша республиканың мұнай өңдеу зауыттары дизельдік отынның 52 мың тоннасын жібергенін атап көрсетті. Атап айтқанда, наурыз айында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 100 мың тонна дизельдік отын бойынша келісімге қол қойып, ақысын төлеулері қажет еді. Алайда, 25 наурыздағы мәлімет бойынша тек 72 мың тоннаның құны төленген.

"Исіресе, келісім жасау мен құнын төлеуден Қызылорда облысы артта қалып келеді. Осы облыстың операторлары наурыз айында жоспарланған 4 мың тоннаның орнына 1020 тоннаның ғана ақысын төлеген", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны