28.10.2016, 15:00 4988

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әлеуетiмен республикада бiрде-бiр өӊiр таласа алмайды - Дархан Жиенбай

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әлеуетiмен республикада бiрде-бiр өӊiр таласа алмайды, дейді Дархан Жиенбай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ маманы.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әлеуетiмен республикада бiрде-бiр өӊiр таласа алмайды, дейді Дархан Жиенбай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ маманы.

Бас маман өӊірде ауылшаруашылығын дамытуға қатысты ой-толғамдарын Оӊтүстік Қазақстан газетінде жариялапты. Осы мақаланыӊ қысқартылған нұсқасын назарларыӊызға ұсынамыз:

"Жетпiс жыл бойы коммунистiк идеологияныӊ құрсауында болған қоғамға шетел мамандары өздерi жасап берген дайын рецепт ұсына қойды да ел жаппай жекешелендiруге көштi. Ол кезде экономистер әрбiр отбасыныӊ шаруаны дөӊгелетiп кетуге жетерлiк жерi, малы болса болды, өздерi ақырын шаруасын дамытып, бiр-бiрiмен саудаласып, жергiлiктi экономика көтерiледi деп ойлады. Алайда, бұл жоба күткендегiдей нәтиже бермедi. Барлығын өкiметтен оӊай немесе тегiн алып үйренген халық нарықтық саясатқа бiрден бой үйретiп кете алмады. Қазiр тәуелсiздiк алғалы жиырма бес жыл болды, өкiнiшке қарай, қазақ ауылдары әлi бой тiктеп кете қойған жоқ.

Оӊтүстiк Қазақстан облысында 4 қала, 11 аудан бар, ал, әр ауданда 15-25 ауылдық округтерден бар. Ауылдардыӊ барлығыныӊ жағдайы негiзiнен бiр-бiрiмен шамалас десек қателеспеймiз.

Кеӊ байтақ Қазақстанныӊ әр түкпiрiнен мысал iздеп әуре болудыӊ қажетi жоқ, әркiм өз ауылыныӊ өткенi мен бүгiнiне бiр сәт үӊiлсе, талай мәселеге көз жеткiзер едi. Мәселен, менiӊ ауылым - Сайрам ауданындағы Жiбек жолы ауылы (бұрынғы "Свердлов" ұжымшары) заманында даӊқы алысқа кеткен шаруашылықтардыӊ бiрi болатын. Сенесiздер ме, бүгiнде талай ауыл тұрғындарыныӊ арманына айналған табиғи газ бiздiӊ ауылға 1971 жылы тартылып қойған болатын. Ол жылдары таза ауызсу дегеннен проблема болған емес, еӊ шеткi көшелердiӊ өзiне асфальт жол төселген едi. Ауылдағы қант зауыты мен кiрпiш зауытында, сиыр, қой, шошқа фермаларында мыӊдаған адам жұмыс iстейтiн. Естерiӊiзде ме, кеӊестiк кезеӊде не болса сол дефицит болушы едi ғой.

Мәселен, қазiр дүкендерде өтпей тұрған шұжықтарды ол кезде дүкеншi танысы барлар ғана сатып ала алатын. Ал, бiздiӊ ауылда... сол дефицит шұжықты шығаратын цех болушы едi. Жерлестерiмiз мақсарыдан май шығарып, одан кiр сабын өндiретiн. Қырманда тау-тау болып үйiлген арпа-бидай молшылықтыӊ символындай едi. Жемiс-жидек мол салған жылдары колхозшылар оны жинап алуға үлгермей, ауыл шаруашылығы жұмыстарына студенттер мен мектеп оқушылары жұмылдырылатын. Шағын ауылдағы шарап зауытында өндiрiлген шипучий жеӊiл шарабы Қазақстанныӊ сауда орындарын былай қойғанда, вагон-вагон болып Ресейге жөнелтiлетiн. 1980 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiӊ бiрiншi хатшысы Д.Қонаев келiп "миллионер ауыл" деген мәртебе берiп кетiп едi. Сол кездегi мерекелердiӊ бәрiн бүкiл колхоз бiр үйдiӊ баласындай болып тойлайтын. Ас та төк дастарқан, ұжымдық көӊiл-күй, бiр сөзбен айтқанда, өмiр дегенiӊiз қыз-қыз қайнап жататын. Ол күндер көзден бұл-бұл ұшты. Трактор, комбайн айдайтындар "жоспар орындалып, жанармай артылып қалса, бөшкесiмен далаға төгiп тастайтынбыз" дегендi әлi айтады. Колхоз тараған соӊ "жаӊа қазақтар" он жыл тонап, атақты шаруашылықтыӊ мал-мүлкiн әреӊ тауысты. Қазiр сол байлықтан түк жоқ.

Колхоз-совхоздар тараған соӊ әркiм тиесiлi он гектар жайылым, бiр гектар суармалы жерiн алды да Қазақстанда бiр күнде пәленбай жер иеленушi пайда болды. Дегенмен, сонда да ешкiм байып кеткен жоқ. Байығаныӊыз былай тұрсын, сол жерден мандытып өнiм де ала алған жоқ. Себебi, шаруалардыӊ не техникасы, не ақшасы жоқ едi. Бәрiнен бұрын көпшiлiгiнде қарапайым ниеттiӊ өзi жоқ едi. Неге? Негесi сол, коммунизмге құдайдай сенген аға буын ол жылдары моральдық соққы алғандай есеӊгiреп қалды. Орта буын мен жас буын адыра қалған ауылды тәрк етiп, қалаға қашты. Заманында табыстыӊ көзi болған жерлер қаӊырап бос қалған соӊ оныӊ иелерi не iстедi дейсiздер ғой. Не iстеушi едi, "бiр сиырға жететiн сабан мен екi-үш қап бидайымды төгiп берсеӊ болды" деп әлгi жерлерiн техникасы барларға әшейiннен әшейiн бере салды. Дәл осы құбылыс 1993 жылдан басталып, 2014 жылға дейiн созылды.

Бiз жер көлемi жағынан әлемдегi 200 мемлекеттiӊ iшiнде тоғызыншы орындамыз. Мынау Ұлы Далаға бес Франция немесе жарты Европа сыйып кетедi. Сонымен, бiлiктi мамандардыӊ басым көпшiлiгi жердi дұрыс игеруiмiз қажет деген тұжырымға тоқтады. Елбасы да жан-жақты сарапталған зерттеулерден соӊ ауыл шаруашылығы жерлерiн дамытып, өз тамағымыз бен киiмiмiздi өзiмiз өндiруiмiз керек деген шешiм қабылдап, "Агробизнес-2020", "Бизнестiӊ жол картасы-2020" атты бағдарламалардыӊ дүниеге келуiне жол ашты. Және ол бағдарламаларға қазынадан 2 трлн. теӊге бөлiндi.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ әлеуетiмен республикада бiрде-бiр өӊiр таласа алмайды. Құдайдыӊ өзi бiздiӊ туған жерiмiздiӊ климатын диханшылыққа қолайлы етiп қойған. Еӊ халқы көп өӊiр, жұмыс қолы арзан, әрi тұрғындардыӊ жартысынан көбi ауылды жерлерде тұрып, бау-бақша өсiруге маманданған.

Ендiгi жерде "ауылды қалай көтеремiз, қалай ауыл тұрғындарын жiгерлендiрiп, бос жатқан жерлердi заман талабына сай игеремiз?" деген сауал туады.

Қазақтыӊ атам заманнан келе жатқан мәдениетi мен дәстүрiн санасына сiӊiрiп, дарқан далада демократиялық институттар жүйесiн тереӊ қалыптастырған үлгiсiн әлемге мақтан тұтып көрсетуге әбден болады. "Мәӊгiлiк ел" ұранын тұмар еткен азамат өзiнiӊ ата-бабасынан мирас болып қалған қасиеттi қара топырағына, туған ауылына келiп жерлестерiне үлгi көрсетуi керек. Осы ұранмен мен де "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-тыӊ Калифорния штатында үш жыл оқып, ауылға келдiм. Келе салып ауылдағы Илихан Бөкейхан атындағы орта мектепте сыныптастарыммен кездестiм. Бәрiмiз жиналып өзiмiз оқыған мектепке Илихан Бөкейханныӊ ескерткiшiн орнаттық, тұғырына "Тiрi болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп үлкен етiп жазып қойдық. Оны оқыған ауылдыӊ әрбiр жасы рухтана бастады.

Ауылымды дамытамын деген адамға қазiр мүмкiндiк көп. Тек берекесi кеткен шаруалар мен шаруа қожалықтарыныӊ басын қосып, ұжым құру қажет. Оны орысша кооператив дейдi. Кейбiр кiсiлер менен "баяғы колхозды қайта құрмақшысыӊ ба?" деп сұрайды. Иә, бұл құрылымныӊ бұрынғы колхозға ұқсайтын жерлерi бар, бiрақ, өзгешелiгi де жетедi. Өзгешелiгi қазiргi заман талабына сай нарықтық экономикаға негiзделген ұжымдар құрамыз. Кiмнiӊ ауылы диханшылықтыӊ қай түрiне бейiмделген болса, сол егiс түрiнiӊ сапасын әлемдiк деӊгейге көтеруге жағдай жасалады. Нарықтық экономиканыӊ принципi - Сұраныс пен Ұсыныс! Сондықтан елiмiзде қандай өнiм түрлерiне сұраныс жоғары, алдымен сол өнiмдi өндiредi. Өнiм сұраныстан асса, әлемдiк нарықтағы сұранысқа ие тауар түрлерiн өндiру көзделедi.

Кооперативтердiӊ қызметi 2015 жылғы 29 қазанда қабылданған ҚР "Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы" Заӊымен реттеледi. Яғни заӊдық құқықтық негiздерi жасалған. Бұдан былай Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiӊ саясаты кооперативтердi дамытуға бағытталады. Субсидия алатын кезде алдымен кооперативтерге басымдық берiледi. Ауылда машина трактор стансаларын жасақтау үшiн кооперация құрғандарға лизингке трактор, комбайн, басқа да қажеттi техникалар ұсынылады.

Кооператив құру бүгiнгi таӊда бiр-ақ күндiк шаруа. Кооператив құрам деп қажеттi құжаттарыӊызбен үш адам кәсiпкерлердi қолдау орталығына барсаӊыз бiр-ақ күнде тiркеп бередi. Ал, ендi сол ұжымды дөӊгелетiп алып кету нағыз бiлiктiлiктi, әдiлдiк пен көшбасшылық қасиеттердi талап етедi.

Қарапайым бiр мысал келтiрейiн. Сайрам ауданы Жiбек Жолы ауылыныӊ диханшылықты дамытуды мақсат еткен үш жiгiтi жиналды да кооператив құрамыз деп шештi. Жеке куәлiк құжаттарын алып "Кәсiпкерлердi қолдау орталығына" барып тiркелдi. Ендi олар ауылдарындағы елу отбасымен келiсiп бес немесе он соттық үйiргелiк жерге сарымсақ егудi жоспарлады. Алдымен сарымсақ сатып алатын компанияны табуына әкiмдiк жәрдемдесетiн болды. Содан соӊ ауылдағы елу үйге тұқымды кооперативтiӊ атынан сатып әпередi, елу үй сарымсақты өздерi есiктiӊ алдына егедi, сарымсақ пiскен соӊ өнiмдi кооператив үй иелерiнен сатып алады. Тұқымды кооператив мүшелерi базардан 700 теӊгеден алса, үй иелерiнен 600 теӊгеден алып, пайдасын көредi. Кооператив кәдiмгi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк секiлдi коммерциялық ұжым болғандықтан бiр бағытты немесе көп бағытты қызмет атқара бередi. Үйiргелiк жерлерге сарымсақ егiп, пайдасын бiр көрсе, ауылдыӊ сыртындағы пайдасы аз бидай алқабына немесе жоӊышқалық жерлерге тиiмдiлiгi жоғары сарымсақ, таӊқурай немесе құлпынай егiп, тағы пайда көрулерiне болады.

Бұрынғы тұтынушы кооперативтердiӊ күшi жойылып, жаӊа заӊға сай өндiрiстiк кооперативтер қайта тiркеуден өтуi керек. Кооператив құрудағы ұжымдық мақсат қане дейсiз ғой. Айтайық. Мәселен, Машатбайда трактор болса, Серiкбайда соқа бар, Еркiн агроном болғанымен жерi жоқ, ал, Ерсiннiӊ жерi бар, осылардыӊ бәрi жиналып, қолда бар мүлiктерiн ортаға салып, өздерi басшы мен ревизорын сайлап алады. Солайша шаруа қожалықтарын дөӊгелетiп, нәпақасын таба бередi.

Иә, қазiр адам адамға сенбейтiн заман, бастық болғандар тек ақша жымқырумен айналысып, жемқорға айналуы қалыпты жағдай ретiнде қабылданатын тәрiздi. Жемқорлық дертiнiӊ емi тек қана сауаттылық пен азаматтық белсендiлiк. Баласы мен немересiнiӊ болашағына жаны ашитын әрбiр азамат белсендi болуы шарт. Белсендi болмасаӊыз, алып империяларға жем болғаныӊыз жем болған...

Қазiргi таӊда облысымызда 81 кооператив құрылып, олар әр тарапты өнiмдер мен көкөнiстер өндiруде. Қайта ұжымдасу заман талабымен болып жатқан процесс. Осы күнге дейiн аяғынан тұрып, өндiрiс айналымын бiрнеше миллион доллардан асырған шаруа қожалықтары мен агро саласындағы бизнесмендердiӊ саны соӊғы он жылда едәуiр еселенген. Үлкен зауыттар мен цехтар салып үлгергендер айналасындағы ауылдарды жұмыспен қамту үшiн кооператив құрады. Ирбiр кооператив мүшесi қабiлетiне қарай қызметiн атқарып, iрiлену процесi өсе бередi.

Мәселен, Арыс қаласындағы томат шығаратын зауыт Арыс қаласы тұрғындарынан кооператив құрып, ауыл тұрғындарыныӊ бәрi жаппай қызанақ егiп нәпақасын табады. Екi жаққа да тиiмдi. Ленгiрдегi "Фудмастер" компаниясы ауданныӊ бiрнеше жерiнен сүт қабылдау орталықтарын ашып, ауыл тұрғындарын кооператив мүшесi етiп қабылдап, олардыӊ сүтiн сатып алады. Түлкiбас ауданы климаттық ерекшелiгiне сай алма баудыӊ отанына айналмақ. Түлкiбастыӊ алмасын әлемдiк брендке айналдыруды көздеген түлкiбастық кооператив ауданныӊ барлық ауылдарында алма егудi жоспарлап отыр. Мақтаарал мен Түркiстаннан логистикалық орталықтар ашып, экологиялық таза пiскен қауынды жүк көлiктерiмен тiке Европаға жөнелтудi сол аймақтағы кооперативтер iске асырып жатыр. Созақ ауданыныӊ кооперативтерi түйе сүтiнен сүт ұнтағы әрi таблетка жасайтын инвесторларды тауып, осынау өнiмдерiн әлемдiк бәсекеге қабiлеттi өнiмдердiӊ қатарына қосқысы келедi. Сайрамда әлемдiк Супер-Гипер маркеттердiӊ талаптарына сай мал сою бекетi ашылды. Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 90 пайызы Сарыағаш ауданында шоғырланған. Сарыағаштықтар кооператив құрып, жылыжай өнiмдерiнiӊ сапасын Италия өнiмдерiнiӊ сапасымен теӊ етiп Ресей нарығын жаулауға бел буды.

Сырт бақылаған адам Оӊтүстiктiӊ аграрлық секторы эволюциялық жолмен баяу дамып келе жатқанын байқар едi. Iрi шаруа қожалықтары айналасына ұсақ шаруаларды бiрiктiрiп, айналымы артқан сайын үлкейе бередi. Қаражаты көбейген сайын бiлiктi мамандарды жалдап, заманауи технологияларды сатып алып, табыстарын да еселей бередi. Оӊтүстiкте 90 мыӊға жуық шаруа қожалықтары тiркелгенiмен, өкiнiшке қарай, олардыӊ жартысы жұмыс iстемейдi. Бiр миллион гектар жердi 81 кооператив қайдан игерсiн?!

Шаруа қожалықтарын ашып болып, әрi қарай бiлiктi маман таба алмай отырған дихандарға арнап колледж, университеттерден арнайы зерттеу базаларын ашып отырмыз. Осылайша диқандарды курстан өткiзу жүйесiн қалыптастырудамыз. Кез келген шаруа бiр апталық немесе бiр айлық курстан өткен соӊ проблемаларын бiлiктi мамандармен бiрге жердiӊ басында шешуге жағдай жасалады. Дуальдi оқу әдiстемесiн қолға алып, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарды игерiп жатқан студенттердi өндiрiстiк жылыжайдағы шетелдiк агрономдардыӊ қасына қосып, тәжiрибеден өткiзу жүйесi жолға қойылды. Дегенмен, мұндай әрекеттер әлi де аздық етедi. Сондықтан ел экономикасыныӊ өсуiне үлес қосқыӊыз келсе, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ кооператив бөлiмiне келiӊiз. Келiп қана қоймаӊыз, бағыт-бағдар алып, Отанымыздыӊ тiрегiн нығайтуға бел буып, алтын бесiк ауылдыӊ асқақтауына ат салысыӊыз!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны